Кездесулер Төрткүл, Қарақұм, Жеңіс, Бөген және Қараспан ауыл округтерінде өтіп, салтанатты жиындарға ұласты. Аудан басшысы әр округтегі басқосуларда жүрекжарды лебізін білдірді.
– Сіздер – қоғамдағы ізгіліктің, жауапкершілік пен парасаттың үлгісісіздер. Еңбектеріңізбен ауданымыздың дамуына сүбелі үлес қосып келесіздер. Әр шаңырақтың берекесі мен татулығы, тіршіліктің үйлесімі сіздердің қажырлы еңбектеріңіз бен ақ ниеттеріңіздің арқасында нығая түседі. Баршаңызға мықты денсаулық, толайым табыс және отбасыларыңызға амандық тілеймін, – деді аудан әкімі құттықтау сөзінде.