ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ ЖАРҚЫН БЕЙНЕСІ – 102 ЖАСТАҒЫ АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ

ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ ЖАРҚЫН БЕЙНЕСІ – 102 ЖАСТАҒЫ АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ
ҰЛЫ ЖЕҢІСТІҢ ЖАРҚЫН БЕЙНЕСІ – 102 ЖАСТАҒЫ АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ
Ғасыр жасаған қазыналы қария, Ұлы Отан соғысының ардагері Қалмен Мұратовтың 102 жасқа толуына орай арнайы барып, құрмет көрсеттік.
Аудан әкімі Азат Оралбаев аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Бостандық Жәкей және өзім мәслихат төрағасы ретінде ардагердің шаңырағына барып, мерейлі жасымен құттықтап, ізгі тілектерімізді айттық.
Кездесу барысында ел үшін от кешкен майдангердің ерлігі мен еңбегі – бүгінгі бейбіт өмірдің берік негізі екені ерекше атап өтілді. Ардагерлерге көрсетілетін құрмет – мемлекеттің тарихқа деген тағзымы әрі жас ұрпаққа үлгі болатын өнеге екені айтылды.
Өз кезегінде Қалмен Мұратов ақсақал көрсетілген ілтипатқа ризашылығын білдіріп, ел тыныштығы мен халық бірлігінің баянды болуын тілеп, ақ батасын берді. Ғасырлық ғұмыр иесінің тағылымды әңгімесі мен өмірлік ұстанымы – ұрпаққа рух, қоғамға серпін сыйлайтын құндылық.
Мұндай тағылымды кездесулер – тарих пен бүгіннің арасын жалғайтын алтын көпір.
Ерлікке тағзым, ардагерге құрмет – елдіктің айқын белгісі.
@актуальное