Сағадат Нұрмағамбетов атындағы жалпы білім беретін мектеп ғимаратында «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» атты коалицияның аудандық өкілдері тағы бір маңызды кездесу өткізіп, алдағы конституциялық өзгерістер төңірегінде кең көлемді түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Кездесу барысында коалиция мүшелері Бақдәулет Жұмабеков, Бостандық Жәкей, Бақытжан Бекбосын, Ғалымжан Зиябек, Серғазы Ақмұратов және Ғазиз Еримбетов ұсынылып отырған өзгерістердің негізгі бағыттары мен қоғамдық маңызына тоқталып, білім саласының қызметкерлерінің сұрақтарына егжей-тегжейлі жауап берді. Ашық форматта өткен жиында қатысушылар өз ой-пікірлерін ортаға салып, пікір алмасты.
@актуальное