ОРДАБАСЫ АУДАНЫ ЖУСАНСАЙ АУЫЛЫНА ТАБИҒИ ГАЗ БЕРІЛДІ!
Ордабасы ауданына қарасты Жусансай ауылында көптен күткен маңызды инфрақұрылымдық жоба жүзеге асып, елді мекенге табиғи газ берілді.
Аталған нысанның ашылу салтанатына Ордабасы ауданының әкімі
Азат Оралбаев, Түркістан облыстық мәслихатының депутаты
Гани Раймбеков және өзім, аудандық мәслихат төрағасы ретінде қатысып, ауыл тұрғындарын осы тарихи қуанышымен құттықтадым.
Табиғи газдың іске қосылуы – ауыл тұрғындарының тұрмыс сапасын арттырып, әлеуметтік жағдайды жақсартуға, экологиялық ахуалды оңалтуға және өңірдің тұрақты дамуына серпін беретін маңызды қадам.
Алдағы уақытта да ауданымызда ел игілігіне бағытталған осындай ауқымды жобалар кезең-кезеңімен жүзеге аса береді.
Жусансай ауылының тұрғындарын тағы да қуанышымен құттықтай отырып, әр шаңыраққа береке мен игілік тілеймін!