Ордабасыда жаңа жылдық мерекелік кеш өтті
Ордабасы ауданына қарасты Темірлан ауылындағы Орталық алаңда тұрғындар үшін ерекше әсерге толы жаңа жылдық мерекелік кеш ұйымдастырылды. Жаңа жыл – жаңарудың, бірліктің, игі үміт пен жарқын болашаққа сенімнің символы. Осы айтулы мереке аудан тұрғындары үшін кең көлемде аталып өтті.
Мерекелік кешке Ордабасы ауданының әкімі
Азат Оралбаев пен аудандық мәслихаттың төрағасы
Бакдаулет Джумабеков қатысып, жиналған қауымды Жаңа жыл мерекесімен шын құттықтады.
Іс-шара барысында аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков құттықтау сөз сөйлеп, тұрғындарға ақжарма тілегін жеткізді:
*«Құрметті аудан тұрғындары, қадірлі жерлестер!
Баршаңызды келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын! Өтіп бара жатқан жыл ауданымыз үшін берекелі істер мен нақты нәтижелерге толы болды. Ел бірлігінің, тұрғындардың ынтымағы мен еңбекқорлығының арқасында Ордабасы ауданы әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан тұрақты дамып, көптеген маңызды жобалар жүзеге асты.
Жаңа жыл әр шаңыраққа қуаныш, береке мен молшылық әкелсін! Баршаңызға зор денсаулық, отбасы амандығын, игі бастамаларыңызға сәттілік тілеймін. Алдағы жыл да ел игілігі жолындағы табысты істерге толы болсын!»* – деп атап өтті.
Мерекелік кеш барысында аудан өнерпаздары өз өнерлерін ортаға салып, ән мен күйден шашу шашып, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Әсем безендірілген алаң, жаңа жылдық шырша мен жарқын шамдар мерекенің сәнін арттыра түсті.
Жаңа жылдық кеш тұрғындардың көңілінен шығып, Темірлан ауылындағы Орталық алаң нағыз мерекелік қуаныш пен шаттыққа толы болды. Бұл кеш аудан халқының бірлігі мен ынтымағын айқындай түскен жарқын шаралардың бірі ретінде есте қалды.