ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ – 2025 МАРАПАТТАЛДЫ

ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ – 2025 МАРАПАТТАЛДЫ
ЖЫЛ ҮЗДІКТЕРІ – 2025 МАРАПАТТАЛДЫ
🏢Бүгін Ордабасы аудандық мәдениет үйінде ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық, мәдени және рухани дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарды ұлықтауға арналған «Жыл үздіктері – 2025» марапаттау салтанатты іс-шарасы жоғары деңгейде өтті.
✔️Аталған шараға Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев, өзім аудандық мәслихат төрағасы ретінде, сала басшылары, еңбек ардагерлері, әр түрлі сала қызметкерлері және аудан тұрғындары қатысты.
✔️Салтанатты жиында жыл бойы өз саласында табысты еңбек етіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізген азаматтар мен еңбек ұжымдары марапатталды. Білім, мәдениет, спорт, медицина, ауыл шаруашылығы, кәсіпкерлік және басқа да салалардың үздіктеріне алғыс хаттар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді.
✔️Іс-шара барысында аудандық мәслихат төрағасы ретінде сөз сөйлеп, марапат иелерін шын жүректен құттықтадым. Өз сөзінде ол:
«Ел дамуы – адал еңбек пен жауапкершіліктің нәтижесі. Бүгінгі марапат иелері – ауданымыздың өсіп-өркендеуіне нақты үлес қосып жүрген азаматтар. Сіздердің еңбектеріңіз – өскелең ұрпаққа үлгі, қоғам үшін үлкен өнеге», – екенін атап өттім.
✔️Сондай-ақ, бірқатар азаматтарды Ордабасы ауданының «Құрмет грамотасымен» марапаттап, алдағы уақытта да ел игілігі жолында табысты еңбек етуге тілектестігімді білдірдім.
✔️Салтанатты кештің көркін республикалық өнер жұлдызы Қайрат Түнтековтің және аудандық мәдениет үйінің өнерпаздарының әсем әндері мен концерттік бағдарламалары аша түсті.
✔️Марапаттау рәсімі аудан жұртшылығы үшін рухани серпіліс сыйлап, еңбекті бағалау мен жетістікті дәріптеудің жарқын үлгісіне айналды.