Түркістан облысы Ордабасы ауданына қарасты Сарыарық ауылында көптен күткен маңызды инфрақұрылымдық жоба – көгілдір отын, табиғи газ жүйесі пайдалануға берілді.

Ауыл халқының тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған бұл жоба өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына серпін беретін маңызды қадам болып табылады.
🔥Табиғи газдың іске қосылуына арналған салтанатты рәсімге Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бакдаулет Джумабеков, сала басшылары, ауыл ақсақалдары мен тұрғындар қатысты.
Іс-шара барысында мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков ауыл тұрғындарын көгілдір отынның пайдалануға берілуімен құттықтап, табиғи газдың ел тұрмысына тигізер пайдасын атап өтті. Сондай-ақ, бұл бастама ауыл тұрғындарының өмір сүру жағдайын жақсартып, экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және әлеуметтік игіліктердің қолжетімділігін арттыруға ықпал ететінін жеткізді.
Аталған жоба аясында Сарыарық ауылында 171 тұрғын үй табиғи газға қосылып, тұрғындар үшін қолайлы әрі тиімді жылу көзіне қол жеткізу мүмкіндігі туды. Бұл өз кезегінде отын шығынын азайтып, тұрмыстық қолайлылықты арттыруға бағытталған нақты нәтижелі жұмыс болып табылады.
Жалпы, көгілдір отынның іске қосылуы – ауыл инфрақұрылымын дамыту, халықтың әл-ауқатын көтеру және дамыту жолындағы жүйелі жұмыстардың жемісі.