ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XXXVIII СЕССИЯСЫ ӨТТІ

ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XXXVIII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
ОРДАБАСЫ АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТЫНЫҢ КЕЗЕКТЕН ТЫС XXXVIII СЕССИЯСЫ ӨТТІ
Бүгін сегізінші шақырылымдағы Ордабасы аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXVIII сессиясы өткізілді. Сессия жұмысына аудан әкімі Азат Әбдіғалиұлы, аудан әкімі аппаратының өкілдері, мәслихат депутаттары және тиісті бөлім басшылары қатысты.
Жиынды аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Құрманбекұлы ашып, жүргізді.
Сессияның күн тәртібіне бір мәселе енгізілді:
• Ордабасы аудандық мәслихатының 2024 жылғы 25 желтоқсандағы №25/1 «2025–2027 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы.
Күн тәртібіндегі мәселе бойынша депутаттар тарапынан ұсыныстар мен пікірлер айтылып, талқыланып нәтижесінде тиісті шешім қабылданды.