Ордабасы аудандық мәслихатының кезектен тыс 37-сессиясы өтті

Ордабасы аудандық мәслихатының кезектен тыс 37-сессиясы өтті
Ордабасы аудандық мәслихатының кезектен тыс 37-сессиясы өтті
Бүгін Ордабасы аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXVII-сессиясы өткізілді.
Сессия жұмысын мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков ашып, жүргізіп отырды. Жиынға аудан әкімінің орынбасары Олжас Болатханұлы, бөлім басшылары мен жауапты сала өкілдері қатысты.
🟦 Күн тәртібінде қаралған мәселелер:
1️⃣ Округтік және учаскелік сайлау комиссияларының кейбір мүшелерін босату туралы.
2️⃣ Мәслихаттың сегізінші шақырылымдағы тұрақты комиссияларының құрамы мен төрағаларына өзгерістер енгізу.
3️⃣ Оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі бойынша салық мөлшерлемесін төмендету мәселесі.
4️⃣ Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі аудандық ведомствоаралық комисияны қайта құру.
5️⃣ Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылды үйлестіру жөніндегі өңірлік штаб құру.
Барлық мәселелер талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.
📌 Сессияда қабылданған шешімдер ауданымыздағы қоғамдық қауіпсіздік, экономикалық қолдау және мемлекеттік органдардың тиімді жұмысын нығайтуға бағытталған.