Бүгін аудан әкімі Азат Оралбаев тұрғындарымен кезекті кездесуді Төрткүл және Қарақұм ауыл округтерінде өткізді. Кездесу барысында аудан басшысы алдымен ағымдағы жылдың 9 айындағы ауданның әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларын баяндап, келесі кезекте кездесу өтіп отырған ауыл округтеріндегі атқарылған жұмыстар мен көрсеткіштерге тоқталды:
Төрткүл ауыл округінде биыл бюджет 135 млн. 466 мың теңге болып бекітіліп, өзіндік кірістер 98,3 млн. теңгеге артты. Жыл басынан бері тұрғындар көтерген 14 мәселенің 6-сы шешімін тапты, ал 8 бақылауға алынды. Округтің тұрғындары үшін Нұра ауылына ойын алаңшасы, Ақсары ауылы көшелеріне тас төсеу жұмыстары жүргізілуде, Ақсары, Спатаев, Төрткүл ауылдарында балалар ойын алаңшалары салынуға, ауыз су жүйелері жаңартылуға, «ҚазПочта» мекемесінің жылыту жүйесі ретке келтірілуге, Нұра ауылының орталық көшесіне жарық орнатылуға, ішкі көшелерге тас төсеу жұмыстарын жүргізуге арналған жобалар жүзеге асырылуда.