
Спорт кешенінде бокс, қазақ күресі, дзюдо, каратэ-до және үстел теннисі сияқты спорт түрлерімен айналысуға толық жағдай жасалған. Бірінші қабатта бокс және күрес залдары, тренажер бөлмесі, жуыну және қызметкерлерге арналған бөлмелер орналасқан. Екінші қабатта қосымша қызметтік бөлмелер бар.