Пошта байланысы күніне арналған құрмет!
Бүгін Ордабасы ауданының пошта саласы қызметкерлері кәсіби мерекелерін атап өтті.
Осыған орай аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков пен аудандық қоғамдық кеңес төрағасы Бақытжан Бекбосын Ордабасы аудандық пошта байланыс торабына барып бірқатар қызметкерлерінің, олардың саладағы көпжылдық еңбегін жоғары бағалады.
Салтанатты сәтте бірқатар қызметкерлер аудан әкімінің алғыс хатымен, аудандық мәслихаттың грамотасы мен алғыс хаттарымен марапатталды.
Өз сөзінде мәслихат төрағасы пошта қызметкерлерінің қоғам өміріндегі ерекше орнын атап өтті:
“Пошта саласы – ел мен елді, адам мен адамды байланыстыратын алтын көпір. Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында тұрғындар уақытылы ақпарат пен қызметке қол жеткізіп отыр. Еңбектеріңіз жемісті, абыройларыңыз асқақ болсын!” – деді ол.
Пошта қызметкерлері де өз кезегінде көрсетілген құрмет пен қолдау үшін алғыстарын білдіріп, алдағы уақытта да халыққа адал қызмет ететіндерін жеткізді.