ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІ ҚАЛМЕН МҰРАТОВҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІ ҚАЛМЕН МҰРАТОВҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРТТАР КҮНІНЕ ОРАЙ ҰЛЫ ОТАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРІ ҚАЛМЕН МҰРАТОВҚА ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ
1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай аудан әкімі Азат Оралбаев пен аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков Бадам ауылында тұратын Ұлы Отан соғысының ардагері, абыз қария Қалмен Мұратовтың отбасына арнайы барып, мерекелік құттықтауын жеткізді.
Сапар барысында аудан басшылығы батыр атамыздың денсаулығы мен тұрмыс жағдайын сұрап, сый-құрмет көрсетті. Ардагер өзінің ізгі тілектерін білдіріп, ел амандығы мен ұрпақ болашағына ақ батасын берді.
Қалмен Мұратов – ауданымыздағы Ұлы Отан соғысының көзі тірі жалғыз ардагері. Жүз жастан асқан қазыналы қария халқымыздың тарихтағы ауыр кезеңдерінің куәсі болып, бүгінгі ұрпаққа төзімділік пен отансүйгіштіктің өшпес өнегесін көрсетіп келеді.
Бұл игі дәстүр – аға ұрпаққа деген қоғамның айрықша құрметі мен ризашылығының белгісі. Ардагерлерге қамқорлық көрсету – өскелең ұрпаққа үлгі-өнеге, елдіктің және рухани сабақтастықтың айқын көрінісі.