Жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев, облыстық мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Құрманбекұлы, сондай-ақ ауданның беделді азаматтары мен мекеме басшылары қатысты.

Аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Құрманбекұлы Мемлекет басшысы атап өткен жасанды интеллектіні дамыту мәселесіне ерекше тоқталды.
«Жасанды интеллект – уақыт талабы. Бұл тек ІТ саласына ғана емес, экономика, білім беру, денсаулық сақтау және аграрлық секторды жаңа деңгейге көтеретін маңызды тетік. Президенттің тапсырмасына сәйкес, біз аудан деңгейінде де цифрлық сауаттылықты арттырып, жастардың осы салаға қызығушылығын күшейтуге және мемлекеттік қызмет көрсетуде жаңа технологияларды тиімді қолдануға күш салуымыз қажет. Бұл – Қазақстанның озық елдер қатарына қосылуының алғышарты», – деді ол.