ОБЛЫСТЫҚ ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ СҰРАНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ

ОБЛЫСТЫҚ ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ СҰРАНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ
ОБЛЫСТЫҚ ПАРТИЯ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ АЗАМАТТАРДЫҢ СҰРАНЫСТАРЫН ТЫҢДАДЫ
♻️«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттағы партиялық фракция жетекшісі Алтынсары Үмбетәлиев Ордабасы ауданына жасаған жұмыс сапары аясында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Тұрғындармен тікелей диалог орнатуға, азаматтардың сұраныстарын партиялық ықпал ету механизмдері арқылы жедел шешуге арналған кездесу билік пен тұрғындар арасында сындарлы байланыс орнатуға арналды.
♻️Азаматтар білдірген сұраныстар мен өтініштерді Ордабасы ауданының әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, партияның Ордабасы аудандық филиалының төрағасы Әлиасқар Бердімұратов, аудан әкімдігінің бөлім басшылары, фракция депутаты тыңдап, көтерілген мәселелер бойынша қосымша түсініктер берді. Қабылдауға келген тұрғындар әлеуметтік нысандар құрылыстарына қатысты сауалдарымен жүгініп, жер мәселесі бойынша өтініштерін білдірді, аудандағы білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау мәселесіне қатысты ұсыныстарын айтты.
♻️Аудан тұрғындары Шұбар ауылындағы спорт кешенің және Бадам елді мекенінде мәдениет үйінің құрылыстары мәселелерін көтерді. Қабылданған жоспар бойынша әлеуметтік маңызы бар бұл нысандардың құрылыстары 2026 жылы аяқталатыны туралы мағлұмат берілді. Қабылдауға көтерілген Темірлан ауылындағы өнер мектебінің құрылысы бойынша толық ақпарат ұсынылды. Аудан тұрғындары көптен күткен ғимарат биыл пайдалануға беріледі.
♻️Қабылдау барысында көтерілген жер мәселесіне қатысты заңнама талаптары түсіндіріліп, жер ресурстарын басқарудың құқықтық реттеу тетіктері жайлы кеңес берілді. Ал білім беру ұйымдарының басшыларын ротациялау тәртібі салалық министрліктің бұйрығына сәйкес жүзеге асатыны айтылып, бекітілген қағидаларда ең әуелі бірінші басшының жұмыс тиімділігі негізге алынатыны түсіндірілді.
Аудандағы әлеуметтік маңызы бар нысандардың құрылыстары партияның аудандық филиалының тұрақты назарында болады және бұл бағыттағы жұмыстарды үйлестіру мәслихаттағы партиялық фракцияға және аудандық партиялық бақылау комиссиясына жүктеледі.
«AMANAT»