Бүгін «AMANAT» партиясының Ордабасы аудандық филиалы бекіткен кестеге сәйкес, аудандық мәслихат төрағасы ретінде тұрғындармен жеке қабылдау өткіздім.
Қабылдауға Бадам, Қажымұқан, Темірлан ауылдарының тұрғындары қатысты. Орда мөлтек ауданындағы жол мәселесі, әлеуметтік көмек, сондай-ақ жеңілдетілген несиеге қол жеткізу туралы мәселелер айтылды.
Әрбір азаматтың өтініші мен ұсынысын мұқият тыңдап, заң аясында қаралатынын, тиісті органдарға жолданып, бақылауға алынатынын жеткіздім.
Қоғамдық қабылдаудың негізгі мақсаты – халықпен байланыс орнатып, көтерілген мәселелерді бірге шешу жолын қарастыру.
Халық пен билік арасындағы көпір – сенім мен тұрақты байланыста.