«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
«AMANAT» ПАРТИЯСЫ ФРАКЦИЯСЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
2025 жылғы 14 тамызда Ордабасы аудандық мәслихатындағы «AMANAT» партиясы фракциясының кезекті отырысы өтті.
Жиынға фракция мүшелерімен қатар, аудан әкімінің орынбасары Олжас Болатханұлы, экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Сихымбаева, жауапты бөлімдердің және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.
Фракция отырысын фракция жетекшісі, аудандық мәслихат депутаты Әлиасқар Бердімұрат ашып, жүргізді. Күн тәртібінде «AMANAT» партиясының 2023–2027 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасын іске асыруға бағытталған жол картасының 2025 жылдың 7 айындағы орындалу барысы қаралды.
Аудан әкімінің орынбасары Олжас Болатханұлы мен экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Сихымбаева индикаторлардың орындалуы туралы есеп беріп, өзекті мәселелерге тоқталды.
Отырыс қорытындысында күн тәртібіндегі мәселелер бойынша фракция мүшелері тарапынан баяндамашыларға бірқатар сұрақтар қойылып, ұсыныстар айтылып, қаулы қабылданып, олардың орындалуы бойынша аудандық партия филиалына мерзіміне сәйкес мәлімет беруін тапсырды.