Ордабасы аудандық мәслихатының кезектен тыс 35-сессиясы өтті
Бүгін Ордабасы аудандық мәслихатының кезектен тыс 35-сессиясы өтті. Сессияны аудандық мәслихат төрағасының міндетін уақытша атқарушы Талғат Жанысбаев ашып, төрағалық етіп жүргізіп отырды.
Жиынға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудан әкімінің орынбасары, бөлім басшылары, ауыл округ әкімдері мен мәслихат депутаттары қатысты.

Күн тәртібінде төмендегі мәселелер қаралды:

2024 жылғы 27 желтоқсандағы №26/1 шешімге сәйкес, 2025-2027 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджеттеріне өзгерістер енгізу туралы.
Хабарламашылар – ауыл округ әкімдері.

Аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларынан шығып қалған мүшелердің орнына жаңа мүшелерді сайлау туралы.
Хабарламашы – аудандық мәслихат аппаратының басшысы А.Ахметов.
Сессия барысында депутаттар ұсынылған мәселелерді жан-жақты талқылап, тиісті шешімдер қабылдады.