ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАҢА ДАМУ ҚАДАМЫ – FOTON КӨЛІКТЕРІНІҢ РЕСМИ ДИЛЛЕРЛІК БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ!

ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАҢА ДАМУ ҚАДАМЫ – FOTON КӨЛІКТЕРІНІҢ РЕСМИ ДИЛЛЕРЛІК БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ!
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНДА ЖАҢА ДАМУ ҚАДАМЫ – FOTON КӨЛІКТЕРІНІҢ РЕСМИ ДИЛЛЕРЛІК БӨЛІМШЕСІ АШЫЛДЫ!
Бүгін Ордабасы ауданы үшін ерекше күн! Шұбар ауылдық округіне қарасты Тоқсансай елді мекенінде, халықаралық транзиттік дәліз бойында орналасқан «Best Air Craft» ЖШС базасында заманауи, сапалы FOTON маркалы коммерциялық көліктерін (орта және ауыр жүк көліктері, фургондар, пикаптар) сатуға арналған ресми диллерлік компания бөлімшесі өз жұмысын ресми түрде бастады.
🔹 Салтанатты ашылу рәсіміне аудандық мәслихат төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудан әкімінің міндетін уақытша қоса атқарушы Мейрамбек Ақмұратов, сондай-ақ бірқатар ардақты қонақтар мен сала мамандары қатысты.
Бұл жобаның өңірлік маңызы зор. Компания тек көлік сатумен шектелмей, жүк көліктеріне сапалы сервистік қызмет көрсетуді де қолға алмақ. Бұл жергілікті халық үшін жаңа жұмыс орындары мен кәсіби қызметтің дамуына жол ашады.
🛠️ Компания өкілдерінің айтуынша, жобаның бірінші кезеңінде – шетелден әкелінген көліктерді сатылымға шығару көзделсе, екінші кезеңінде – жүк көліктерін Қазақстанда құрастыру жоспарда бар.
🔧 Бұл бастама тек аудан экономикасын жандандырып қоймай, Қазақстандағы көлік өнеркәсібінің дамуына да өзіндік үлесін қосатынына сенім мол.
📍 Жаңа бөлімше – көлік саласындағы заманауи технология мен сенімді қызметтің тоғысқан нүктесі болмақ!