“Ордабасы оттары” – 90 жылдық тарих, 90 жылдық шежіре!

“Ордабасы оттары” – 90 жылдық тарих, 90 жылдық шежіре!
“Ордабасы оттары” – 90 жылдық тарих, 90 жылдық шежіре! 📰
Биыл Ордабасы ауданының шежірелі тарихымен бірге жасап келе жатқан, ел мен елді, халық пен билікті жалғаған “Ордабасы оттары” газетінің жарыққа шыққанына 90 жыл толып отыр! Бұл – тек басылымның емес, тұтас аудан жұртшылығының ортақ мерекесі!
📌 Салтанатты жиын – ел есінде
Қасиетті мерейтойға орай ұйымдастырылған салтанатты жиында газеттің әр жылдарда өркендеуіне үлес қосқан ардагер журналистер, қаламы жүйрік тілшілер, редакцияның еңбекқор қызметкерлері бас қосты. Олар өз естеліктерімен бөлісіп, “Ордабасы оттары” тарихының жарқын беттерін тағы бір еске алды.
🎤 Құттықтаулар мен марапаттар
Шара барысында аудандық мәслихат төрағасы Бакдаулет Джумабеков, аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Мейрамбек Акмуратов газет ұжымына жүрекжарды тілектерін арнап, басылымның қоғам өміріндегі рөлін жоғары бағалады.
Сондай-ақ, бірқатар ардагерлер мен редакция қызметкерлеріне аудан әкімінің және мәслихаттың Алғыс хаттары табыс етілді.
📚 “Ордабасы оттары” – өткеннің куәсі, келешектің айнасы
1935 жылдан бері аудан өмірінің айнасы болып келе жатқан басылым бүгінге дейін талай буынды тәрбиеледі. Қоғамның, ауыл тіршілігінің тамырын дөп басып, халықтың үнін жеткізетін сенімді серікке айналды.
🔹 Қаншама журналистің шығармашылық жолы осы газеттен басталып, бүгінде елге танымал қаламгерлер қатарын толықтырып отыр.
🔹 Уақытпен үндескен газет беттерінде ауыл өмірінің шынайы көрінісі, ел тұлғаларының тағылымды тағдыры, ұрпаққа өнеге болар естеліктер жазылды.
📌 Мерекелеріңіз құтты болсын!
“Ордабасы оттары” ұжымын 90 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймыз!
Қаламдарыңыз ұштала берсін, оқырмандарыңыз көбейе берсін!
Халық пен биліктің алтын көпірі болып, аудан шежіресін келер ұрпаққа аманаттап жаза беріңіздер!