Ордабасы аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXIV-сессиясы өтті

Ордабасы аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXIV-сессиясы өтті
Ордабасы аудандық мәслихатының кезектен тыс XXXIV-сессиясы өтті
Бүгін Ордабасы аудандық мәслихатының кезектен тыс 34-сессиясы өтті.
Сессияны мәслихат төрағасы ретінде ашып, жүргізіп отырдым.
Жиынға аудан әкімінің міндетін уақытша атқарушы Мейрамбек Ақмұратов, аудан әкімінің орынбасары Илияс Турнияз, аудандық дербес бөлім басшылары және мәслихат депутаттары қатысты.
🗂 Сессия күн тәртібінде төмендегі маңызды мәселелер қаралды:
1️⃣ 2025-2027 жылдарға арналған аудандық бюджетке өзгерістер енгізу
📌 Бұл мәселе бойынша аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Алтынай Сихымбаева баяндама жасады. Бюджетке енгізілетін нақтылаулар мен толықтырулар егжей-тегжейлі талқыланып, депутаттар тарапынан бірқатар ұсыныстар айтылды.
2️⃣ Көшелерге атау беру және Ұлы Отан соғысының ардагерлерінің есімдерін көшелерге беру туралы
📌 Бұл мәселе бойынша аудан әкімінің орынбасары Илияс Турнияз хабарлама жасап, жаңа көше атауларына ұсынылған тарихи тұлғалар мен ардагерлер есімдері жөнінде мәлімет берді. Ұсыныстар халықтың рухани мұрасын дәріптеу мен өскелең ұрпаққа үлгі ету мақсатында жасалып отыр.
3️⃣ Ауданның Құрмет грамотасын беру туралы
📌 Аудандық мәслихат аппаратының басшысы Арсен Ахметов сессия барысында бірқатар азаматтардың ауданның қоғамдық-саяси өміріне қосқан үлесін ескеріп, марапаттау ұсынысын депутаттар назарына ұсынды.
📍 Күн тәртібіндегі барлық мәселелер жан-жақты қаралып, талқыланған соң, мәслихат депутаттарының бірауыздан қолдауымен тиісті шешімдер қабылданды.
Сессия соңында мәслихат төрағасы ретінде сессия жұмысын қорытындылап, қабылданған шешімдердің ауданның тыныс тіршілігіне оң серпін беретінін атап өттім.