Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Сыңғырла, соңғы қоңырау!
Сыңғырла, соңғы қоңырау!
✔️Бүгін Ордабасы ауданына қарасты Қараспан елді мекеніндегі Бейсен Оңтаев атындағы жалпы орта мектебінде дәстүрлі “Соңғы қоңырау” салтанатты іс-шарасы жоғары деңгейде аталып өтті. Бұл ерекше күн – білім жолындағы тағы бір белесті артқа тастап, жаңа өмірге қадам басқалы тұрған түлектер үшін есте қаларлық сәттердің бірі.
✔️Мерекелік жиынға аудандық мәслихат төрағасы ретінде арнайы қатысып, мектеп ұжымын, оқушылар мен ата-аналарды оқу жылының аяқталуымен құттықтадым. Өз сөзінде ол ұстаздардың өлшеусіз еңбегіне алғыс білдіре отырып, түлектерге өмір жолдарында сәттілік, жоғары жетістіктер мен табандылық тіледім.
– Білім – ел ертеңінің кепілі. Мектеп қабырғасында алған тәлім мен тәрбие сіздердің болашақтарыңызға бағыт-бағдар береді. Әрқашан биік мақсат қойып, соған жету жолында аянбай еңбек етіңіздер. Мемлекетіміздің дамуына өз үлестеріңізді қосады деген сенімдемін.
✔️Салтанатты шара барысында мектеп бітіруші түлектер ұстаздар мен ата-аналарға жүрекжарды алғыстарын білдіріп, мектеппен қоштасу вальсін орындады. Сондай-ақ, оқу озаттары мен қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқан оқушыларға арнайы марапаттар табыс етілді.
✔️Мектеп директоры, ауыл оеруг әкімінің орынбасары, ардагер ұстаздар, ата-аналар комитетінің өкілдері де сөз алып, бітірушілерге ақ жол тілеп, өмірдің жаңа белесіне қадам басқан сәтте тура жолдан таймай, ұлтқа, елге қызмет ететін азамат болуларын тіледі.
✔️Осылайша, Бейсен Оңтаев мектебінің ауласында сыңғырлаған соңғы қоңырау үні түлектер үшін балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге бастар жолдың алғашқы қадамы болды.