– Халықтың сенімі мен аманатын арқалау – үлкен жауапкершілік. Бұл міндетке немқұрайлы қарауға болмайды. Әрбір депутат өзінің артында тұрған сайлаушылардың үмітін ақтау үшін барлық істе белсенді болуы тиіс. «Бір ел – бір мүдде» қағидасы – елдің бірлігі мен ынтымағын бекемдеудің негізгі тірегі. Қоғамдағы этносаяси ахуал, ішкі тұрақтылық пен ынтымақтастық құндылықтарын арттыру мәселелері ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевпен және ҚР Мемлекеттік Кеңесшісі Ерлан Қаринмен өткен кездесулерде де кеңінен талқыланды. Біз де осы бағытта үлкен жауапкершілікті сезіне отырып, бірлесе нәтижелі жұмыс істеуге тиіспіз, – деді Нұралы Әлмаханұлы.