Бірыңғай есеп беру күніне

Бірыңғай есеп беру күніне

Құрметті Мамлют ауданының кәсіпкерлері!

 

Сіздерді 2025 жылғы 25 қыркүйекте сағат 16:00 – де (бейне конференц-байланыс арқылы) өтетін бақылау-қадағалау органдарының «Бірыңғай есеп беру күніне» шақырамыз.

«Бірыңғай есеп беру күні» кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру нәтижелерін талқылау және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың алдын алу, кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекеттің өзара іс-қимылын жақсарту, бизнес және мемлекет қатынастарын реттеу мәселелері бойынша сындарлы шешімдер әзірлеу, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметін реформалауды іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптарын бұзудың жүйелі профилактикасын дамыту, қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдардың құқықтық сауаттылығын арттыру бойынша кездесу нысанында өткізіледі.  

Өтетін орны: Мамлютка қаласы, Сәбит Мұқанов көшесі, 12, 1 қабат (аудан әкімдігінің мәжіліс залы).