2024 жылы Қазақстан Респуликасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен Salyq кэшбэк» пилоттық жобасы іске қосылды, осыған байланысты БКМ чегіне 2% мөлшерінде кэшбэк есептелетін болады.

2024 жылы Қазақстан Респуликасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетімен Salyq кэшбэк» пилоттық жобасы іске қосылды, осыған байланысты БКМ чегіне 2% мөлшерінде кэшбэк есептелетін болады.

2025 жылғы 3 сәуірден бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін Қазақстан Республикасының аумағында «Чекті талап ет – жүлдені ұтып ал» акциясы өткізіледі, соған байланысты әр бір азамат сатып алу немесе ақылы қызметтер алу арқылы ақшалай сыйлықтардың иегері болуға мүмкіндік алады.

Сондай-ақ жаңа акция «Бәйге» басталуда. Осы акция шеңберінде осы кезең аралығында ең көп чек тіркеген жеке тұлға 100 000 теңге көлемінде сыйақы алады. Акция мемлекеттің барлық елдерінде 2025 жылғы 1 мамырдан бастап 2025 жылғы 31 желтоқсанға дейін жүргізіледі.

Тоқсан қорытындысы бойынша оператор әр аймақтан 1 ұтушыны (барлығы 20 ұтушы – әр облыстан және республикалық маңызы бар қалалардан) ең көп чек сканерлеген тұлғаны анықтайды. Ұтып алушыларға 100 000 теңге көлемінде сыйақы төленетін болады.

Акция тоқсан сайын өткізілетін болады:

  • 1-і этап: 1 мамырдан екінші тоқсанның соңына дейін;
  • 2-і этап: үшінші тоқсанда;
  • 3-і этап: төртінші тоқсанда.

Осы ацияға қатысу үшін: 

1)    «Amian» мобильді қосымшасын жүктеп алыңыз және тіркеліңіз;

2)    Тауарларды немесе қызметтерді сатып алғанда, фискалдық чекті  «Amian» мобильді қосымшасына тіркеу кажет.

Өткізілетін акциялардың мақсаты азаматтық белсенділікті арттыру және кәсіпкерлер арасында адал бәсекелестік ортаны қалыптастыру, тауарлады жұмыстар мен қызметтерді тұтынушылар ретінде өз мүдделерін қорғау мәселелерінде азаматтардың құқықтық мәдениетін тәрбиелеу болып табылады. Бұдан басқа, өткізілетін акциялар көлеңкелі экономика деңгейінің төмендеуіне, кассалық тәртіп деңгейінің күшеюіне басылған чектер санының өсуіне ықпал етеді.