Аудан әкімі Ерлан Жаров ауданның жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерімен және өз бизнестерін ашуды қалаған тұлғалармен ашық диалог форматында кездесу өткізді.

Аудан әкімі Ерлан Жаров ауданның жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлерімен және өз бизнестерін ашуды қалаған тұлғалармен ашық диалог форматында кездесу өткізді.

Кездесу барысында «Даму» қорының, «Аграрлық кредиттік корпорация» АҚ, «ҚазАгроФинанс» АҚ өкілдері шағын және орта бизнесті қолдауға бағытталған қолжетімді кредиттеу түрлері мен жеңілдетілген бағдарламалар туралы айтып берді. Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы кездесуге қатысушыларға санитарлық-эпидемиологиялық бақылау саласындағы нормативтік-құқықтық актілерге енгізілген өзгерістер мен толықтырулар туралы мәлімет берді. Мансап орталығының директоры жұмысқа орналастыру және субсидияланатын жұмыс орындары бойынша түсінік берді.
Кездесу қорытындысы бойынша қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтар бойынша түсінік алды.