Үкімет 2026 жылдан бастап жеңілдетілген декларацияға негізделген арнайы салық режимін қолдануға болмайтын қызмет түрлерінің соңғы тізімін бекітіп, жариялады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
"Мемлекет пен бизнестің мүдделері арасында теңгерімге қол жеткіздік. Құжаттың соңғы нұсқасы кәсіпкерлердің көпшілігіне ыңғайлы режимде жұмысын жалғастыруға мүмкіндік береді", – деді "Атамекен" ҰКП өкілдері.
Шектеу 44 ірі санатқа және 185 нақты ЭҚЖЖ (Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішіне) енгізілді.
Тізімге кірген салалар – жоғары маржамен немесе қатаң реттеу талаптарымен ерекшеленетін қызмет түрлері.
Сонымен қатар минимаркеттер мен "үй жанындағы" дүкендер (4–5 санат, 200 м²-ге дейін) тыйымға ілінген жоқ және бұрынғыдай жеңілдетілген декларация бойынша жұмыс істей алады.
Кәсіпкерлерге 2026 жылдың 1 қаңтарынан жалпыға бірдей салық салу тәртібіне көшуге алдын ала дайындалу ұсынылады:
- қызмет түрі мен ЭҚЖЖ-ны (ОКЭД) талдап, аудит жүргізу;
- арнайы салық режимін қолданатын серіктестермен жасалатын мәмілелердегі шегерімдер шектеуін ескеру;
- бухгалтерлік есепті дұрыс жолға қойып, жаңа тәртіпке айыппұлсыз өту үшін тиісті өзгерістер енгізу.