Сіздерді 2025 жылғы 25 қыркүйекте сағат 16:00 – де (бейне конференц-байланыс арқылы) өтетін бақылау-қадағалау органдарының «Бірыңғай есеп беру күніне» шақырамыз.
Есеп берудің бірыңғай күні кәсіпкерлік субъектілері мен мемлекет арасындағы өзара іс-қимылды жақсарту, бизнес пен мемлекет арасындағы қатынастарды реттеу бойынша сындарлы шешімдерді әзірлеу, қауіпсіз қызметті жүзеге асыру үшін кәсіпкерлік субъектілері мен ұйымдарының құқықтық сауаттылығын арттыру, мемлекеттің бақылау-қадағалау қызметін реформалау аясында мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы заңнаманың міндетті талаптарын бұзудың жүйелі профилактикасын дамыту мақсатында кәсіпкерлік субъектілерімен мемлекеттік бақылау мен қадағалау нәтижелерін және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуды талқылау бойынша кездесу түрінде өткізіледі.
Есеп берудің бірыңғай күні бейне конференц байланыс арқылы Тимирязев ауданы бойынша Тимирязев ауылы Уәлиханов көшесі, 1 3 қабат үлкен (зал өтеді) мекенжайы бойынша өткізіледі.
Іс-шараға қатысу туралы ақпаратты 8 (71537) 2-17-34, («Солтүстік Қазақстан облысы Тимирязев ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі» КММ) телефондары арқылы алуға болады.