ӘОСА пилоттық жобасына қатысты
Микро және шағын кәсіпкерлік субъектілерін кешенді қолдау, сондай-ақ өңірлердің өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерін шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция министрлігі «AMANAT» партиясымен және Қазақстан кәсіпкер әйелдер қауымдастығы «ASMAR»-мен бірлесіп, Әлеуметтік-өндірістік сату акселераторы (ӘӨСА) пилоттық жобасын іске асыруды жоспарлап отыр.
Жобаның мақсаты — микро және шағын өндірушілерді, оның ішінде әйелдер мен отбасылық бизнесті қолдауға арналған инфрақұрылымды қалыптастыру арқылы оларды тұрақты сауда және дистрибуция желілеріне шығаруға жәрдемдесу.
Пилоттық жоба келесі жүйелі мәселелерді шешуге бағытталған:
Мысал ретінде, «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы жүзеге асырып отырған «Бір ауыл — бір өнім» жобасы табысты тәжірибе болып табылады, ол өңірлік өнімдердің бірегей базасын қалыптастырды. Алайда, бұл жобаның әрі қарай кеңеюі мен өнімдерінің коммерциялануы қосымша қолдау мен ілгерілету құралдарын қажет етеді.
Осыған байланысты микро және шағын өндірушілерді одан әрі қолдау мақсатында демонстрациялық дүкені бар Әлеуметтік-өндірістік сату акселераторын құру жоспарлануда.
Жоба аясында мынадай жұмыстар көзделуде:
Осыған орай, пилоттық жобаның материалдарын қарап, Әлеуметтік-өндірістік сату акселераторының алаңын ұйымдастыру үшін қажетті үй-жай беру мүмкіндігін қарастыруларыңызды сұраймыз.
Аталған алаңдарды жөндеу, жабдықтау және бастапқы кезеңдегі қызметін қамтамасыз ету, персоналды оқыту — корпоративтік сектордың қолдауымен жүзеге асыру жоспарлануда.
Сіздерді өңірлік өндірушілерді қолдау, жаңа жұмыс орындарын құру және ауылдық аумақтарды тұрақты дамытуға бағытталған осы жобаны іске асыруда жан-жақты қолдау көрсетуге шақырамыз.
Қосымша: Жоба бойынша презентация және қысқаша ақпарат.