Құрметті кәсіпкерлер!

Құрметті кәсіпкерлер!

 «KazWaste» Қазақстандық қалдықтарды басқару қауымдастығы Қазақстан Республикасы экология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен 2025 жылдын 3-4 шілде күндері Астана қаласында IX Еуразиялық іскерлік форум – «Green Energy & Waste Recycling Forum 2025» (бұдан әрі – Форум) өткізеді. Өткізу орны: Астана қ, Мәңгілік Ел д-лы, 55/19, блок С 3.4.

Форум — жасыл энергетика мен қалдықтарды қайта өңдеу мәселелері бойынша мемлекеттік органдар, халықаралық ұйымдар, бизнес және қоғамдық ұйымдар арасындағы ашық диалогқа арналған халықаралық алаң болып табылады.

GEWR’25 Форумының мақсаты — Қазақстан мен Орталық Азияда қалдықтарды орнықты басқару және тиімді қайта өңдеу негізінде айналмалы экономикаға көшу үшін саланың барлық өкілдерінің күш-жігерін біріктіру.

Форум аясында Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдары мен халықаралық ұйымдардың өкілдерінің қатысуымен пленарлық сессиялар, сондай-ақ қалдықтарды басқару мен тұрақты даму саласындағы жаһандық үрдістерге арналған дөңгелек үстелдер өтеді. ESG қағидатын іске асыру, айналмалы экономикаға және «Таза Қазақстан» бастамасына ерекше назар аударылады. Қалдықтарды басқару тұжырымдамасы, өнеркәсіптік және қауіпті қалдықтарды басқарудағы озық тәжірибелер, қалдықтарды басқаруды цифрландыру, мемлекеттік-жекешелік әріптестік (МЖӘ) және өндірушілердің кеңейтілген міндеттемесі (ӨКМ) механизмдері қарастырылады. Талқыланатын тақырыптардың қатарында цемент зауыттарында RDF отынын пайдалану, органикалық қалдықтардан компост және биогаз алу, инвестиция тарту және қайта өңдеу инфрақұрылымын дамыту. Сондай-ақ қалдықтарды басқару саласын қолдау мақсатында салықтық жеңілдіктер мәселесі де қозғалады.

Форумға Орталық Азия елдерінің мемлекеттік органдарының өкілдері, қалдықтарды басқару ұйымдары, табиғат пайдаланушылар, халықаралық ұйымдар, банктер, инвестициялық қорлар, даму институттары, экологиялық ҮЕҰ және басқа да мүдделі тараптар шақырылады.

Форумға қатысу үшін www.gewr.kz сайтында тіркеуден өтуіңізді немесе келесі байланыс нөмірлері арқылы хабарласуыңызды сұраймыз:+7 776 255 84 21, infogewr@gmail.com (Аскарова Зарина)