"QazTrade" ақ сауда-экономикалық миссияны ұйымдастыруды жоспарлап отыр

"QazTrade" ақ сауда-экономикалық миссияны ұйымдастыруды жоспарлап отыр

«QazTrade» АҚ а.ж. 22-23 мамырда Чунцин қаласына, ҚХР, сауда-экономикалық миссиясын (бұдан әрі - СЭМ) ұйымдастыруды жоспарлап отыр.

Іс-шараның негізгі мақсаты қазақстандық кәсіпорындар үшін тікелей байланыстар орнату, қазақстандық кәсіпорындар мен әлеуетті сатып алушылар арасындағы сауда қатынастарын жандандыру, сондай-ақ екіжақты кездесулер өткізу болып табылады.

«QazTrade» АҚ ТЭМ аясында қатысушылардың келесі шығындарын өтейді:

- Қатысушылардың тұруы (кәсіпорыннан бір адамнан артық емес);

- Болу еліндегі қазақстандық қатысушылардың трансфері.

Өзге шығындарды (әуе билеттері, тәулікақы және т.б.) қатысушылар өздері көтереді.

Бизнес-топтардың белсенділігін ескере отырып, іс-шара ҚР экспорттық мүмкіндіктерін кеңейту, тәжірибе алмасу және екі елдің кәсіпкерлері арасындағы байланыстарды кеңейту, сондай-ақ экономиканың түрлі салаларында екіжақты ынтымақтастықты нығайту және дамыту үшін платформа болады деп санаймыз.

Осыған байланысты, тіркелу үшін келесі сілтемені жолдаймыз: https://forms.gle/RQ93e5qtF4XLot4z8 

Сонымен қатар, тіркеу ағымдағы жылдың 2 мамырда сағат 18:00-де жабылатынын хабарлаймыз.

Барлық сұрақтар бойынша хабарласуларыңызды сұраймыз: Окташ Еркебулан, +7 705 156 9631,  ye.oktash@qaztrade.org.kz