Құрметті кәсіпкерлер!

Құрметті кәсіпкерлер!

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының (бұдан әрі – ДЗМҰ) 2023 жылғы жаһандық байқауының басталғаны туралы хабарлайды.

 

ДЗМҰ байқауға зияткерлік меншік құқықтарын бизнес мақсаттарына жету үшін ұтымды пайдаланатын, сондай-ақ қоғам игілігі үшін инновациялар мен шығармашылығын пайдаланатын ерекше шағын және орта кәсіпорындарды (бұдан әрі – ШОБ), креаторларды, өнертапқыштарды және дизайнерлерді қатысуға шақырады.

 

Байқау а.ж. 16 қаңтарынан 31 наурызына дейін өткізіледі. Авторлық құқықты, тауар белгілерін, патенттерді, сондай-ақ географиялық көрсеткіштерді қоса алғанда, зияткерлік меншіктің кез келген нысаны көрсетілген өтінімдер қабылданады.

 

Байқау қорытындысы бойынша тәуелсіз қазылар алқасы жеті жеңімпазды таңдайды. Олардың әрқайсысы а.ж. шілде айында ДЗМҰ Бас Ассамблеясының арнайы іс-шарасы ретінде өткізілетін Женевадағы (Швейцария) марапаттау рәсіміне қатысуға шақырылады.

 

Сонымен қатар, жеңімпаздар ДЗМҰ-ның жеке тәлімгерлік бағдарламасынан өтуге мүмкіндік алады. Бұл оларға зияткерлік меншікті одан да тиімді пайдалануға және жаңа мақсаттарына жетуге көмектеседі. Толық ақпаратты сілтеме бойынша алуға болады: https://www.wipo.int/global-awards/en/2023/