Жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы

Жеңілдетілген қаржыландыру бағдарламасы
Бізде Қарағанды облысының кәсіпкерлері үшін тамаша жаңалық бар!
 
"Кәсіпкер" өңірлік қаржыландыру бағдарламасы аясында "Даму" Қоры "Bank RBK" АҚ-ға 200 млн теңге сомасында қаражат бөлді. Қаржыландыруды Қарағанды облысында тіркелген және жобаларды іске асыратын кәсіпкерлер пайдалана алады.
 
📌 Бағдарламаның шарттары:
 
✔️ Несиенің максималды сомасы-50 млн теңгеге дейін
✔️ Пайыздық мөлшерлеме-жылдық 5% - дан аспайды
✔️ Инвестицияларға кредит беру мерзімі-5 жылға дейін
✔️ Айналым қаражатын толықтыруға кредит беру мерзімі-3 жылға дейін
✔️ Салалар бойынша талаптар-басым жобалар тізбесіне сәйкес. 
 
Бағдарлама туралы толық ақпарат алу үшін Қарағанды қаласы, Ермеков көшесі, 29 мекенжайы бойынша "Даму" қорының филиалына хабарласуыңызды сұраймыз. Тел: +7 (7212) 559 020.