Инвестициялық жобаларды іске асыру туралы

Инвестициялық жобаларды іске асыру туралы

12 айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға НКИ 198,6% болғанда 106,7 млрд. теңге сомасына инвестиция тарту күтілуде, оның ішінде өңдеу өнеркәсібіне 92,4 млрд. теңге, НКИ 210%

2022 жылы 2 инвестициялық жоба (Бірыңғай индустрияландыру картасының жобалары) бойынша мониторинг жүзеге асырылды:

  1. «Sunpaper» ЖШС «Қағаз негізіндегі санитарлық-гигиеналық өнімдер өндірісін ұйымдастыру» жобасын іске асырудың екінші кезеңі
  2. «KamaTyresKZ» ЖШС «Қарағанды облысының Саран қ. автомобиль шиналарын өндіруді ұйымдастыру» 171 млрд.теңге жалпы инвестиция көлемімен және 1116 жұмыс орнын құра отырып.

«Арнайы экономикалық және индустриялық аймақтар туралы» Қазақстан Республикасының 2019 жылғы 3 сәуірдегі Заңына, Қарағанды облысы әкімдігінің 2021 жылғы 15 наурыздағы № 18/01 қаулысына сәйкес Саран қаласының Солтүстік өнеркәсіптік аймағында Республикалық маңызы бар «Saran» индустриялық аймағы құрылды.

Инвестициялық жобалар пулы:

 

Бастамашы

Жобаның атауы

Жұмыс орындарын құру

Өнім шығару көлемі

 

«KamaTyresKZ» ЖШС

Саран қ. автомобиль шиналарын өндіруді ұйымдастыру

1116

3,5 млн. шина

«Asia Prom Steel» ЖК

мырышталған илектелген болат өндірісі

223

400 000 тонна

Standart Metal ЖШС

тікелей тігісті болат құбыр шығару зауыты

400

250000 тонна болат құбыр

«Қазақстан ыстықтай мырыштау зауыты» ЖШС

«Саран» индустриялық аймағының аумағында ыстықтау мырыштау зауытын салу

65

50 000 тонна

«Silk Road Electronics» ЖШС

Тұрмыстық техника (ас үй плиталары мен су жылытқыштар) шығаратын зауыт салу

1 200

1100 мың бірлік