
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысына
1-қосымша
Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау
қағидалары
1-бөлім. Жалпы ережелер
1) банк-төлем агенті – лизинг компаниясының қаржы агенттігімен келісілген және лизинг компаниясының жобалар бойынша субсидияларды аударуға және есептен шығаруға арналған арнайы шотын жүргізу жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын уәкілетті банкі;
2) бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган – бюджетті атқару, республикалық бюджеттің және өз құзыреті шегінде жергілікті бюджеттердің, бюджеттен тыс қорлардың атқарылуы бойынша бухгалтерлік есепке алуды, бюджеттік есепке алу мен бюджеттік есептілікті жүргізу саласында басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
3) жобаны іске асыру – кәсіпкер жүзеге асыратын және қаржы институтының шешімінде айқындалған мақсаттар мен шарттарға қол жеткізуге бағытталған іс-қимылдар мен іс-шаралар жиынтығы, оның ішінде шығатын тауардың бар-жоғы, қызметтер көрсету, лизинг нысанасын пайдалану; негізгі құралдарды сатып алуға және (немесе) салуға және (немесе) жаңғыртуға және (немесе) реконструкциялауға және (немесе) күрделі жөндеуге мақұлданған жобалар бойынша – қаржы институтының шешіміне сәйкес кәсіпкердің мәлімделген қызметті жүзеге асыруы және объектіні пайдалануға қабылдау актісінің болуы;
4) кәсіпкер – Кодекске сәйкес айқындалатын және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектісі мәртебесіне ие шағын және микрокәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтері болып табылатын заңды тұлғалар;
5) қаржы агенттігі – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Қор);
6) қаржы агенттігінің уәкілетті органы – қызметін өзіне қаржы агенттігінің жарғысымен, қаржы агенттігінің кредиттік саясатымен берілген және қаржы агенттігінің ішкі құжаттарында бекітілген өкілеттіктер шеңберінде жүзеге асыратын, тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;
7) қаржы институты – екінші деңгейдегі банк/лизинг компаниясы/ислам банкі/ислам лизинг компаниясы;
8) қаржы құралын мақсатқа сай пайдалану – шарт бойынша алынған кредитті кәсіпкердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін мақсаттарға пайдалануы (қаржы құралын мақсатқа сай пайдалану кәсіпкердің төлем жүргізгенін, активті/жұмыстарды/көрсетілетін қызметтерді толық көлемде алғанын және пайдаланғанын және (немесе) осы Қағидалардың талаптарына сәйкес басқа да мақсаттарға қол жеткізгенін растайтын тиісті құжаттар жиынтығымен расталады);
9) Қордың уәкілетті органы – қаржы агенттігінің тұрақты жұмыс істейтін, қаржы агенттігінің уәкілетті органының құзыреті мен өкілеттіктеріне жатқызылған мәселелер бойынша шешім қабылдауға құқығы бар алқалы органы;
10) өңірлік үйлестіруші – кәсіпкерлік саласындағы жергілікті атқарушы органның облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;
11) субсидиялар – банктік қарыз шарты/қаржы лизингі шарты/ қаржыландыру шарты/ислам лизингі шарты (бұдан әрі – шарт) негізінде кредиттер/лизингтік мәмілелер/қаржыландыру (бұдан әрі – қаржы құралы) бойынша кәсіпкерлерді субсидиялау шеңберінде қаржы институтына қаржы агенттігі төлейтін өтеусіз және қайтарымсыз негіздегі мерзімді төлемдер;
12) уәкілетті орган – Кодекстің 85-бабының 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 13-тармағының 17) тармақшасына сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган.
Бұл ретте республикалық бюджет қаражаты былайша бөлінеді:
1) бюджет қаражатының 70 %-ы осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген облыстарды, Алматы және Астана қалаларын қоспағанда, Қазақстан Республикасының барлық өңірлерінде іске асырылатын жобаларды субсидиялауға жіберіледі;
2) бюджет қаражатының 30 %-ы Абай, Ұлытау, Жетісу, Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктері мен стратегиялық даму міндеттері ескеріліп оларда іске асырылатын жобаларды субсидиялауға жұмсалады.
Ұлытау, Абай, Жетісу, Қызылорда және Солтүстік Қазақстан облыстарында субсидиялауға бөлінген қаражат толық игерілмеген жағдайда пайдаланылмаған қаражатты қаржы агенттігінің уәкілетті органмен келісу бойынша көрсетілген облыстар арасында не қажеттілік пен жобаларды іске асыруға әзірлікті ескере отырып, Қазақстан Республикасының өзге де облыстарына қайта бөлуіне жол беріледі.
Республикалық бюджет есебінен субсидиялау үшін көзделген қаражатты уәкілетті орган қаржы агенттігінің арнайы шотына аударуға жасалатын шарт негізінде қаржы агенттігіне аударады.
Өңірлік үйлестіруші жергілікті бюджет есебінен субсидиялау үшін көзделген қаражатты қаржы агенттігінің уәкілетті органы бекітетін субсидиялауға қаражат аударуға жасалатын шарт негізінде қаржы агенттігінің арнайы шотына аударады.
Қаржы институты қаржы агенттігіне субсидия сомаларын аудару үшін ағымдағы шот ашады.
Заңды тұлғалардың банктік шоттарын ашуға және жүргізуге құқығы жоқ қаржы институттары қаржы агенттігімен келісу бойынша қаржы институты субсидия аудару үшін ағымдағы шот ашатын банк-төлем агентін айқындайды.
Қаражатты қайта бөлу осы Қағидаларды тиімді іске асыруды қамтамасыз ету және бюджет қаражатының игерілмеуіне жол бермеу мақсатында ғана жүзеге асырылады.
Республикалық бюджеттен субсидиялауға қаражат жеткіліксіз болған кезде өңірлік үйлестіруші жергілікті бюджет қаражаты есебінен субсидиялау үшін қосымша қаражат бөлуді қамтамасыз етеді.
2-тарау. Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау тәртібі
1-параграф. Субсидия беру шарттары
Жергілікті атқарушы органдар айқындаған және уәкілетті органмен келісілген экономика секторларының тізбесін уәкілетті орган қаржы агенттігіне ресми құжат айналымы тәртібімен береді.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы және «Бір ауыл – бір өнім» жобасы шеңберінде іске асырылатын жобалар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтері іске асыратын жобалар басым бағыттарға жатады және субсидия алуға өтініш берген кезде бірінші кезекте (басымдықпен) қаралады.
Осы Қағидалар шеңберінде қолдау алған кәсіпкерлерге кепілдік қоры шеңберінде кепілдік беруге және олардың «Өнеркәсіпті дамыту қоры» акционерлік қоғамы басқармасының 2025 жылғы 29 қазандағы шешімімен бекітілген «Өңдеу өнеркәсібіндегі шағын және орта бизнес кәсіпорындарының өндірістік қуаттарын жаңғыртуды «Өнеркәсіпті дамыту қоры» АҚ-ның шартты лизингілік қаржыландыруының шарттары» бағдарламасы шеңберінде қолдау алуына жол беріледі.
Инвестиция деп негізгі құралдарды сатып алу және (немесе) салу және (немесе) жаңғырту және (немесе) реконструкциялау және (немесе) күрделі жөндеу, биологиялық және (немесе) материалдық емес/материалдық активтерді сатып алу (осы анықтамада көрсетілген мақсаттарға байланысты ақы төлеу шоттарына сәйкес негізгі құралдардың/биологиялық/
материалдық/материалдық емес активтердің құнына енгізілген қосылған құн салығы бойынша шығыстар да инвестицияға жатады).
Айналым қаражатын толықтыру деп қаржы құралын кәсіпкердің өзінің операциялық (ағымдағы) қызметін жаңартылатын/жаңартылмайтын негізде қамтамасыз етумен байланысты пайдалануы түсініледі және салық міндеттемелерін, зейнетақы және әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдерді/алымдарды/баждарды төлеу бұған кірмейді.
Тиімді жаңа жобалар деп кәсіпкерлердің мынадай талаптарға сәйкес келетін жобалары түсініледі:
инвестициялық мақсаттарға:
қолдау алған жылдан кейінгі 2 (екі) қаржы жылының қорытындысы бойынша кредиттің әрбір 100 (жүз) миллион теңгесіне жаңа жұмыс орындарын, бірақ әрбір жоба бойынша кемінде бір жұмыс орнының құрылуы;
субсидиялау мерзімі аяқталғанға дейін бір қаржы жылының қорытындысы бойынша және жыл сайын кірістің жинақталған инфляция деңгейінен төмен емес деңгейде міндетті түрде ұлғаюы;
айналым қаражатын толықтыруға:
субсидиялау мерзімі аяқталғанға дейін бір қаржы жылының қорытындысы бойынша және жыл сайын кіріс пен еңбекақы төлеу қорының жинақталған инфляция деңгейінен төмен емес деңгейде міндетті түрде ұлғаюы.
Тиімділік көрсеткіштерін есептеу үшін Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің/салық декларациясының деректері және (немесе) бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді-көшірмеге сәйкес деректер пайдаланылады. Бұл ретте тиімділік көрсеткіштерін есептеген кезде субсидиялаудың қай күні басталғанына қарамастан, келесі қаржы жылының басталуы есептік күн болып табылады.
Бұл ретте жоғарыда көрсетілген көрсеткіштерді субсидиялау түрінде тікелей қолдау алған/алатын кәсіпкер растайды.
Бұл ретте қаржы институты мәміле периметріне кіретін және қаржы институтының уәкілетті органдарының материалдары мен шешімдерінде көрсетілген барлық заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлерді есепке алуды қамтамасыз етеді.
200 (екі жүз) миллион теңге болатын жиынтық лимитті есептеу қарыз алушыға және қаржы институты айқындаған онымен үлестес тұлғаларға қатысты субсидиялау жүргізілетін қаржы құралдарының жиынтық көлемі негізге алынып жүзеге асырылады.
Негізгі борыш мерзімінен бұрын ішінара/толық өтелсе, осы Қағидаларда белгіленген сома шегінде жаңа қаржы құралдарын қайта алуға жол беріледі.
Субсидиялау мөлшері номиналды мөлшерлеменің 40 %-ын құрайды, номиналды мөлшерлемеден айырманы кәсіпкер төлейді, бұл ретте кәсіпкер үшін мөлшерлеме кемінде 12,6 %-ды құрайды. ҚР ҰБ белгілеген базалық мөлшерлеме 17 %-дан төмендеген жағдайда кәсіпкер төлейтін мөлшерлеме
12,6 % деп белгіленеді, ал айырмасын қаржы агенттігі субсидиялайды.
Номиналды мөлшерлемені есептеген кезде ҚР ҰБ белгілеген және кәсіпкердің жобасы бойынша қаржы институты шешім шығарған сәтте қолданыста болған базалық мөлшерлеме ескеріледі.
1) шарттардың кәсіпкер бастамасымен өзгеруіне байланысты болған;
2) кәсіпкердің қаржы құралы бойынша міндеттемелерді бұзуы себебінен алынатын;
3) тәуелсіз бағалау, сақтандыру жүргізуге, кепіл шартын тіркеуге және ауыртпалықты жоюға байланысты болған;
4) есеп айырысу-кассалық қызмет көрсету бойынша төлемдерді қоспағанда, осы Қағидалар шеңберінде субсидия берілетін қаржы құралдары бойынша қандай да бір комиссия, алым және (немесе) өзге де төлем (бұдан әрі – комиссия) алмайды.
Бұған дейін қаржы агенттігіне шарт көшірмесі жіберілген күнге дейінгі 12 (он екі) ай ішінде беріліп, ол бойынша қаржы институты субсидия басталғанға дейін осы Қағидалардың осы тармағында көзделмеген комиссияларды ұстап қалған қаржы құралы субсидияланған жағдайда қаржы институты субсидиялау басталған күннен бастап 3 (үш) ай ішінде кәсіпкерге ұстап қалынған комиссияларды өтейді.
Мынадай:
1) жобаның орындалуына әсерін тигізетін табиғи апат, соғыс, эпидемия сияқты форс-мажорлық мән-жайлар;
2) жобаны іске асыру басталған кезде болжау мүмкін болмаған және бейімделу үшін қосымша уақытты талап ететін заңнамадағы елеулі өзгерістер;
3) жобаны іске асыру процесінде туындаған техникалық, экономикалық немесе өндірістік қиындықтардың субсидия алатын кәсіпкер тарапынан атүсті қарау немесе немқұрайлылық нәтижесі болмауы шартымен осы қиындықтарға байланысты күтпеген мән-жайлар орын алған кезде осы Қағидаларда белгіленген мерзім өткеннен кейін 1 (бір) қаржы жылынан аспайтын қосымша мерзім беруге жол беріледі.
2-параграф. Қаржы институтына арналған
лимитті айқындау
1) ҚР ҰБ-ның пруденциалдық және өзге де нормативтерін орындау;
2) қаржы агенттігінің басқару органы бекітетін ішкі құжаттарға сәйкестік.
1) соңғы есепті кезең күніндегі жағдай бойынша лизинг компаниясының меншікті капиталы 1 (бір) миллиард теңгеден төмен болмай, оның қаржылық есептілікпен расталуы;
2) негізгі қызметтің өтінім беретін жылдың алдында кемінде 1 (бір) жыл жүзеге асырылуы.
1) лимиттерді игеру мерзімдері;
2) субсидия төлеу тәртібі;
3) жобалардың іске асырылуын мониторингілеуді жүзеге асыру;
4) босаған лимиттерді субсидиялау тоқтатылған жобалар арасында қайта бөлу шарттары (қаражатты мақсатқа сай пайдаланбау/жобаның және (немесе) кәсіпкердің осы Қағидалардың шарттарына сәйкес келмеуі) көрсетіледі.
Өзге шарттар тараптардың субсидиялау туралы келісуі бойынша айқындалады және жазбаша нысанда ресімделеді.
3-параграф. Субсидия беру тәртібі
Көрсетілген бағалау/сараптама аяқталғаннан кейін қаржы институты қаржы агенттігінің филиалдарына кәсіпкердің өтінімі бойынша Қордың уәкілетті органы бекіткен нысан бойынша келісу үшін чек-парақ жібереді.
Қаржы агенттігі 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған чек-парақ негізінде кәсіпкердің өтінімін келісуді жүзеге асырады.
1) шарттың не төлем графигінің көшірмесін немесе қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне шарт бойынша деректерді береді. Бұл ретте ұсынылатын құжаттарда субсидиялау мерзімінің басталуы қаржы агенттігіне жіберілген күнге дейін күнтізбелік 30 (отыз) күннен асырмай белгіленеді;
2) Қордың уәкілетті органы бекіткен нысан бойынша хабарлама-хат (деректер қаржы агенттігінің автоматтандырылған сервисіне жіберілген жағдайда хабарлама-хат талап етілмейді);
3) Қордың уәкілетті органы бекіткен нысан бойынша кәсіпкердің өтінімі бойынша чек-парақ береді.
Бюджетте субсидиялауға қаражат болмаған жағдайда субсидияланатын және субсидияланбайтын бөліктерін кәсіпкер төлейді. Бюджет қаражаты түскен кезде қаржы агенттігі субсидияланатын бөлігін төлем графигіне сәйкес кәсіпкерге өтейді.
Қаржы институты алынатын субсидия сомасын осы Қағидалардың нормаларын ескере отырып өзі есептейді. Қаржы агенттігі көрсетілген есеп-қисаптарды тексеруді жүзеге асырмайды.
Субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударумен бір мезгілде қаржы агенттігі қаражатты аудару туралы құжаттың көшірмесін электрондық поштамен жіберу арқылы қаржы институтын хабардар етеді. Хабарламада қаржы институтының атауы, өңір, кәсіпкердің атауы, субсидия сомасы және төлем жүзеге асырылған кезең көрсетіледі.
халықаралық рейтингілік агенттіктердегі кредиттік рейтинг Standard&Poors рейтингінің шәкілі бойынша «В» деңгейінен төмендеген;
К4 коэффициентінің мәні 0,4 деңгейінен төмендеген;
қатарынан 2 (екі) ай бойы пруденциалдық нормативтер бұзылған кезде қаржы агенттігі кәсіпкердің қаржы құралы бойынша толық төлем (негізгі борыш, субсидияланатын және субсидияланбайтын бөлік) жасауы фактісі туралы қаржы институтының хабарламасы негізінде не шарттың төлем графиктерін негізге алып қысқа мерзімді кезеңге субсидияланатын бөлігі бойынша кәсіпкердің алдағы міндеттемелерін жабатын төлемдермен жүзеге асырады.
Қаржы институтының/банк-төлем агентінің жоғарыда көрсетілген көрсеткіштері түзелген жағдайда қаржы агенттігі субсидиялау үшін көзделген қаражатты аударуды шарттың төлем графиктерін ескере отырып аванстық төлемдермен (айына бір рет/бірнеше рет) жүзеге асырады.
Қаржы институты хабарламаға сәйкес келмейтін/қаржы агенттігінің қаражатты қаржы агенттігінің/банк-төлем агентінің ағымдағы шотынан аударғаны туралы хабарлама болмаған субсидияларды есептен шығарған жағдайда қаржы институты субсидияларды қаржы агенттігінің жазбаша нысандағы хабарламасын алған күннен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы агенттігінің/банк-төлем агентінің ағымдағы шотына қайтаруды жүзеге асырады.
1) кәсіпкер қаржы құралы бойынша жоспарлы төлемді өтеген күні қаржы агенттігінің шотында қаражат болған;
2) график бойынша өтеу күнінен кейін қаржы агенттігінен қаражат түскен кезде жүзеге асырады.
1) кәсіпкер төлемдерді төлеу бойынша екінші деңгейдегі банк/ислам банкі алдындағы міндеттемелерін қатарынан 3 (үш) ай бойы орындамаған;
2) кәсіпкер лизинг компаниясы/ислам лизинг компаниясы алдында лизингтік төлемдер енгізу жөніндегі міндеттемелерін қатарынан 2 (екі) және одан да көп рет орындамаған жағдайларда тиісті хатпен хабардар етеді.
Бұл ретте хабарлау мерзімдері қаржы институты мен қаржы агенттігі арасындағы субсидиялау туралы келісімде көрсетілген.
1) қаржы институтының алдында шарт бойынша қаржы құралының толық өтелуі (кәсіпкердің қаржы институтына қаржы құралын толық өтеген күні субсидиялау тоқтатылған күн болып саналады);
2) субсидиялаудың тоқтатылғаны туралы қаржы агенттігін хабардар ету;
3) кәсіпкердің бұрын қол қойылған өтініші бойынша субсидиялау шарттарынан кәсіпкердің өз бастамасы бойынша бас тартуы.
4-параграф. Субсидиялауды тоқтата тұру,
тоқтату және қайта бастау
1) субсидиялау жүзеге асырылатын қаржы құралының түгел/ішінара мақсатқа сай пайдаланылмауы, бұл ретте субсидиялау қаржы құралын мақсатқа сай пайдаланбау сомасына барабар тоқтатылады;
2) жобаның және (немесе) кәсіпкердің осы Қағидалардың шарттарына және (немесе) қаржы институтының шешіміне сәйкес келмеуі;
3) егер орындаудың мүмкін болмауы еңсерілмейтін күш
мән-жайларының, яғни төтенше және осы жағдайлар кезінде алдын алуға болмайтын мән-жайлардың (дүлей құбылыстар, әскери іс-қимылдар) салдарынан болған жағдайларды қоспағанда, кәсіпкердің шарттың төлем графигіне сәйкес қаржы институтының алдындағы төлемдерді төлеу жөніндегі міндеттемелерді қатарынан 3 (үш) ай бойы, сондай-ақ қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган өкімінің және (немесе) өзге құжатының және (немесе) актісінің негізінде орындамауы (бұдан әрі – ахуал);
4) ахуал әрекет еткен кезеңде туындаған жағдайларды қоспағанда, шарттың өтеу графигіне сәйкес қаржы институтының алдында лизингтік төлемдерді енгізу жөніндегі міндеттемелерді кәсіпкердің қатарынан 2 (екі) және одан да көп рет орындамауы;
5) кәсіпкердің шоттарындағы ақшаға тыйым салынуы (шоттағы ақшаның талап қою талаптарын толық көлемде қамтамасыз етуге жеткілікті болуы шартымен талап қоюды қамтамасыз ету жөніндегі шаралар ретінде шоттардағы ақшаға тыйым салуды қоспағанда) және (немесе) кәсіпкердің шоты бойынша шығыс операцияларының тоқтатып қойылуы;
6) Қазақстан Республикасының қаржы лизингі туралы заңнамасында көзделген жағдайларда борышкерден лизинг нысанасының талап етілуі;
7) инвестициялық мақсаттарға бағытталған жобалар бойынша: төленген субсидия сомасының әрбір 15 (он бес) миллион теңгесіне жаңа жұмыс орындарын, бірақ 2 (екі) қаржы жылы өткеннен кейін әрбір жоба бойынша кемінде бір жұмыс орнын құруды және Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің/салық декларациясының деректері негізінде және (немесе) бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді көшірмеге сәйкес кірістердің субсидиялау мерзімі аяқталғанға дейін жыл сайынғы негізде бір қаржы жылы өткеннен кейін жинақталған инфляция деңгейінен кем болмайтын деңгейде міндетті ұлғаюын (бұл ретте тиімділік көрсеткіштерін есептеу кезінде субсидиялаудың қай күні басталғанына қарамастан, келесі қаржы жылының басталуы есепті күн болып табылады) көздейтін тиімділік көрсеткіштерінің орындалмауы;
8) айналым қаражатын толықтыруға бағытталған жобалар бойынша: Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің/салық декларациясының деректері негізінде және (немесе) бюджетпен есеп айырысудың жай-күйі туралы дербес шоттан үзінді көшірмеге сәйкес кіріс пен еңбекақы төлеу қорының субсидиялау мерзімі аяқталғанға дейін жыл сайынғы негізде бір қаржы жылы өткеннен кейін жинақталған инфляция деңгейінен кем болмайтын деңгейде міндетті түрде ұлғаюын (бұл ретте тиімділік көрсеткіштерін есептеу кезінде субсидиялаудың басталу күніне қарамастан келесі қаржы жылының басталуы есепті күн болып табылады) көздейтін тиімділік көрсеткіштерінің орындалмауы;
9) субсидиялау жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды іске асыру мерзімінің бұзылуы;
10) жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде кәсіпкер қызметінің тоқтатып қойылуы/тоқтатылуы.
Бұл ретте қаржы агенттігінің хабарламасында субсидиялауды тоқтату/қайта бастау туралы негіз көрсетіледі.
Мұрагер (-лер) мұрадан бас тартқан, мұрагерлер болмаған жағдайда, мұрагердің міндеттемелерді қабылдауы мүмкін болмаған өзге де жағдайларда, сондай-ақ қаржы құралы мерзімінен бұрын толық өтелген кезде субсидиялау тоқтатылады.
Қаржы агенттігіне қайтарылған субсидия сомалары одан әрі субсидия төлеу үшін пайдаланылады.
Егер қаржы агенттігі қаржы институтының атына өтелетін сома қамтылған өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісін қол қоюға жіберген сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қаржы институты қол қойылған өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісін не дәлелді қарсылық бермесе, өзара есеп айырысуды салыстырып тексеру актісінде көрсетілген соманы қаржы институты мойындайды деп есептеледі және ол қаржы агенттігінің шотына қайтарылады.
3-тарау. Жобалардың іске асырылуын мониторингілеу
Қаржы агенттігінің функцияларына:
1) қаржы институты ұсынатын деректер мен құжаттар негізінде өзімен шарт жасалған кәсіпкердің қаржы құралын мақсатқа сай пайдалануын мониторингілеу;
2) қаржы институты ұсынатын деректер негізінде кәсіпкердің төлем тәртібін мониторингілеу;
3) жобаның іске асырылуын (қаржы лизингі шарты бойынша лизинг нысанасын пайдалануды) мониторингілеу;
4) жобаның және (немесе) кәсіпкердің осы Қағидалардың шарттарына және (немесе) қаржы агенттігінің шешіміне сәйкестігін мониторингілеу жатады.
4-тарау. Жобаларға қойылатын талаптар
1) моторлы көлік құралдарын және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес дәрілік зат ретінде тіркелген, құрамында спирті бар медициналық мақсаттағы өнімдерді (бальзамдардан басқа) шығаруды көздейтін жобаларды қоспағанда, жобалары акцизделетін тауарларды/өнімдерді шығаруға бағытталған;
2) жобаны тау-кен өндіру өнеркәсібінде және карьерлерді игеруде іске асыруды жоспарлап отырған;
3) акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке, ұлттық басқарушы холдингке, ұлттық холдингке, ұлттық компанияға тиесілі;
4) меншік нысаны «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес жеке меншік мекеме ретінде ресімделген;
5) кредит есебінен сатып алынған активті оны сатқан тұлғаға сатуды/сыйға тартуды/сенімгерлік басқаруға/жалға/өтеусіз пайдалануға беруді жүзеге асырған және (немесе) жүзеге асыруды жоспарлап отырған, оның ішінде кәсіпкердің кәсіпорнын осы тұлғаға қосу немесе осы тұлғамен біріктіру нысанында қайта ұйымдастыруды іске асыратын және (немесе) болашақта жоспарлайтын (жобаларды мониторингілеу барысында осы тармақшада көрсетілген жағдайлар анықталса, субсидиялау тоқтатылады және бұған дейін төленген субсидиялар қайтарылады);
6) жеке кәсіпкерлік субъектісі ретінде қызметін тоқтатқан немесе тоқтатып қойған (кәсіпкерлік субъектісі қызметінің мәртебесін тексеру eSalyk порталында жүзеге асырылады);
7) бірінші деңгейдегі ақпараттық жүйеде олар бойынша шектеу өлшемшарттары анықталған;
8) жылжымайтын мүлікпен операцияларды жүзеге асыруға бағытталған жобаларды іске асыратын (апартаменттерді, пәтерлерді, тұрғын үйлерді, жеке тұрғын үй құрылысы бойынша жер учаскелерін сатып алу/жалға алу/қосалқы жалдау) кәсіпкерлер бойынша жүзеге асырылмайды.
1) мемлекеттік даму институттары, оның ішінде экономиканың түрлі салаларында мемлекеттік қолдау шараларын көрсететін ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, акцияларының бақылау пакеттері ұлттық басқарушы холдингке немесе ұлттық холдингке тиесілі акционерлік қоғамдар, сондай-ақ акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес тұлғалар кредитор болып табылатын;
2) бюджет қаражаты есебінен арзандатылған;
3) ұйымдардың үлестерін, акцияларын, сондай-ақ мүліктік кешен ретінде кәсіпорындарды сатып алуға бағытталған;
4) овердрафт түріндегі;
5) қайтарымды, қайталама немесе сублизинг бойынша;
6) ломбардтардың, микроқаржы, факторинг ұйымдарының және лизинг компанияларының қызметіне бағытталған;
7) мыналарды:
үлестес/байланысты тұлғаның құрылыс жөніндегі қызметті жүзеге асыруын растайтын құжат болған жағдайда жаңа және (немесе) бар объектілерді (ғимараттарды, құрылысжайларды және олардың кешендерін, коммуникацияларын) салуды (оның ішінде кеңейту, жаңғырту, техникалық жаңарту, реконструкциялау, реставрациялау, күрделі жөндеу);
Қазақстан Республикасының аумағында ресми дистрибьютор болып табылатын үлестес/байланысты тұлғалардан тауарлар, жұмыстар және көрсетілетін қызметтер сатып алуды;
тауарды, шикізатты және (немесе) материалдарды үлестес/байланысты тұлға өндірген жағдайда осындай тауарларды, шикізатты және (немесе) материалдарды үлестес/байланысты тұлғалардан сатып алуды қоспағанда, үлестес/байланысты тұлғалардан тауарларды, активтерді, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бағытталған;
8) салықтық міндеттемелерді, зейнетақы аударымдары мен әлеуметтік аударымдарды, кедендік төлемдер мен алымдарды, сондай-ақ кредиттерге/қаржы лизингіне/қаржыландыру шарттарына және өзге де мақсаттарға қызмет көрсету бойынша ағымдағы төлемдерді төлеу бойынша есеп айырысу жүргізуге бағытталған;
9) қаржы құралдары, бұған дейін қосымша жаңғыртусыз сатып алынатын жобаның 20 %-ынан аз субсидия алған, дайын және пайдалануға берілген/қолданыстағы жобаны сатып алуға бағытталған;
10) мемлекет меншігіндегі жер учаскесінде құрылыс салуды және үшінші тұлғалардың жалдауындағы жылжымайтын мүлік объектісіне жөндеу жұмыстарын/жаңғырту/реконструкциялау жүргізуді қоспағанда, кейіннен үшінші тұлғаларға ресімделетін мүлікті/активтерді сатып алуға, сондай-ақ үшінші тұлғаларға тиесілі жер учаскесінде объект салуды жүзеге асыруға бағытталған қаржы құралдары субсидияланбайды.
1) бірінші деңгей – жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларын және оларды алушыларды мониторингілеудің екінші деңгейдегі ақпараттық жүйелермен интеграцияланған, кәсіпкерлер өтінімдерінің эталондық электрондық тізілімін қамтитын тіркеуші ақпараттық жүйесі, онда форматтық-логикалық бақылаудан кейінгі бақылау арқылы кәсіпкерлерге қатысты шектеу өлшемшарттарының болмауы жөніндегі талаптарға олардың сәйкес келуі тексеріледі;
2) екінші деңгей – кәсіпкерлерден мемлекеттік қолдау шараларына өтінім қабылдау, оларды бірінші деңгейдегі жүйеге форматтық-логикалық бақылауды қолдана отырып өңдеу және өңделген өтінімдерді бірінші деңгейге беру жүзеге асырылатын салалық мемлекеттік немесе мемлекеттік емес ақпараттық жүйелер, оның ішінде қаржы институттарының ақпараттық жүйелері.
Кәсіпкерлер бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті орган айқындаған, жеке кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шараларының пайдаланылуын және оларды алушыларды бірінші деңгейдегі жүйені пайдалана отырып мониторингілеуді техникалық сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тіркеушінің дербес деректерді жинауына, өңдеуіне, сақтауына, жүктеп шығаруына және пайдалануына келісім береді.
Бірінші деңгейдегі жүйе кәсіпкерге оның қатысты шектеу өлшемшарттарының болмауы жөніндегі талаптарға оның сәйкестігін тексеру нәтижесімен жауап қайтарады.
Өтінім шектеу өлшемшарттарының жоқ екені туралы жауап алынған кезде одан әрі өңделеді.
Өтінімде көрсетілген мәліметтерді және өтінімді өңдеу мәртебесін екінші деңгейдегі жүйе бірінші деңгейдегі жүйеге береді.
______________________
Сыйақы мөлшерлемесінің бір бөлігін субсидиялау қағидаларына
қосымша
Экономикалық қызметтің басым түрлерінің тізбесі
|
Р/с |
Экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің коды |
Атауы |
|
|
1 |
2 |
|
1 |
10 |
Тамақ өнімдерінің өндірісі |
|
2 |
11.06 |
Уыт өндірісі |
|
3 |
11.07 |
Алкогольсіз сусындар, минералды сулар және шөлмекке құйылған басқа да сулар өндірісі |
|
4 |
13 |
Текстиль бұйымдарының өндірісі |
|
5 |
14 |
Киім өндірісі |
|
6 |
15 |
Былғары және соған жататын өнім өндірісі |
|
7 |
16 |
Жиһаздан басқа, ағаш және тоз бұйымдарының өндірісі; сабаннан және тоқуға арналған материалдардан жасалған бұйымдар өндірісі |
|
8 |
17 |
Қағаз және қағаз өнімдерінің өндірісі |
|
9 |
20 |
Химия өнеркәсібі өнімдерінің өндірісі |
|
10 |
21 |
Негізгі фармацевтикалық өнімдер мен фармацевтикалық препараттар өндірісі |
|
11 |
22 |
Резеңке және пластмасса бұйымдарының өндірісі |
|
12 |
23 |
Өзге де бейметалл минералдық өнімдер өндірісі* |
|
13 |
24 |
Металлургия өндірісі** |
|
14 |
25 |
Машиналар мен жабдықтардан басқа, дайын металл бұйымдары өндірісі |
|
15 |
26 |
Компьютерлер, электрондық және оптикалық жабдықтар өндірісі |
|
16 |
27 |
Электр жабдықтары өндірісі |
|
17 |
31 |
Жиһаз өндірісі |
|
18 |
32 |
Өзге де дайын бұйымдар өндірісі |
* тауарлық бетон өндірісін қоспағанда (экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуішінің (бұдан әрі – ЭҚЖЖ) коды «23.63»);
** шойын, болат және ферроқорытпа өндірісін (ЭҚЖЖ коды «24.10»), ядролық отынды қайта өңдеуді (ЭҚЖЖ коды «24.46»), шойын құюды (ЭҚЖЖ коды «24.51»), болат құюды (ЭҚЖЖ коды «24.52») қоспағанда.
______________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысына
2-қосымша
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне қаржылай
емес қолдау шараларын ұсыну
қағидалары
1) «Бір ауыл – бір өнім» (бұдан әрі – БАБӨ) жобасы – жергілікті шикізаттан шығарылатын өнімді әзірлеу мен ілгерілету қызметтерін көрсетуге бағытталған, кем дегенде бір бәсекеге қабілетті өнім шығару жолымен ауылды дамыту тұжырымдамасына негізделген жоба;
2) кәсіпкер – Кодекске сәйкес айқындалатын және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектісі мәртебесіне ие шағын және микрокәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтері болып табылатын заңды тұлғалар;
3) қаржы агенттігі – қаржылай емес қолдау шараларын іске асыруды жүзеге асыратын «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы;
4) қаржылай емес қолдау операторы – «Еуропа Қайта Құру және Даму Банкінің Қазақстан Республикасының шағын және орта кәсіпкерлігін қолдау жөніндегі іскерлік консультациялық қызметтер бағдарламасы» құрамдауышын қоспағанда, ұлттық жоба шеңберінде кәсіпкерлерді мемлекеттік қаржылай емес қолдауды жүзеге асыратын «Атамекен» Қазақстан Республикасының ұлттық кәсіпкерлер палатасы;
5) оқуды аяқтағаны туралы сертификат – оқудан өткенін растайтын құжат;
6) онлайн-оқыту – білім беру ортасына толық енуге және жұмыс процесінен қол үзбей біліктілігін арттыруға мүмкіндік беретін компьютердің немесе Интернетке қосылған басқа құрылғының көмегімен білім мен машық алу;
7) уәкілетті орган – Кодекстің 85-бабы 3-тармағына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қыркүйектегі № 1011 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі туралы ереженің 13-тармағы 17) тармақшасына сәйкес кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган.
Кәсіпкерлерді, оның ішінде «Ауыл аманаты» бағдарламасына және БАБӨ-ге қатысушыларды онлайн-оқыту Кодекске және осы Қағидаларға сәйкес кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау шеңберінде іске асырылады.
Білім беру бағдарламасы қаржы агенті айқындайтын цифрлық білім беру платформаларын пайдалану арқылы онлайн-форматта жүргізіледі.
Оқу ұзақтығы білім беру модульдерінің салалық ерекшелігі мен мазмұнын ескере отырып түзетіледі.
Кодекстің 24-бабында және осы Қағидаларда белгіленген талаптарға сәйкес келетін кәсіпкерлер, оның ішінде «Ауыл аманаты» бағдарламасына және БАБӨ-ге қатысушылар онлайн-оқытуға қатысушы болады.
Білім беру материалдарына қолжетімділік қатысушыларға тәулік бойы пайдалану және оқудан өту мүмкіндігімен онлайн-платформадағы жеке кабинет арқылы беріледі.
Білім беру бағдарламасынан өту қорытындысы бойынша оқу материалын меңгеруін бағалауға бағытталған онлайн-тестілеу жүргізіледі.
Тестілеу қорытындысы бойынша ең төменгі өту балы 75 % құрайды.
Қорытынды тестілеуден өтпеген жағдайда қатысушы алдыңғы әрекет жасалған күннен бастап 1 (бір) ай ішінде, бірақ үш реттен асырмай қайта тестілеуге жіберіледі.
Үш әрекеттен кейін тестілеуден өтпей қалса, қатысушыға тиісті
онлайн-оқытудан өткені туралы сертификат берілмейді, бұл ретте қаржы агенттігі онлайн-оқытудан қайта өтуге мүмкіндік береді.
Оқуды сәтті аяқтаған және қорытынды тестілеуден өткен қатысушыларға тиісті онлайн-оқытудан өткені туралы сертификат беріледі.
______________________
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2025 жылғы « »
№ қаулысына
3-қосымша
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне
инфрақұрылымдық қолдау көрсету
қағидалары
1-тарау. Жалпы ережелер
Осы Қағидаларда инфрақұрылым санаттары, кәсіпкерлерге қолжетімділік беру тәртібі, сондай-ақ инфрақұрылымдық объектілерді пайдалану тиімділігін мониторингілеу және бағалау рәсімдері белгіленген.
1) «Атамекен» ҰКП – Қазақстан Республикасының «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы, коммерциялық емес ұйым, кәсіпкерлік субъектілерінің одағы;
2) «Ауыл аманаты» бағдарламасы – халық табысын арттыруға, негізінен ауыл шаруашылығы және тұтыну кооперативтерін (бұдан әрі – кооператив), ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуді қолдауға бағытталған жоба;
3) «Бір ауыл – бір өнім» жобасы (бұдан әрі – БАБӨ) – жергілікті шикізаттан шығарылатын өнімді әзірлеу мен ілгерілету қызметтерін көрсетуге бағытталған, кем дегенде бір бәсекеге қабілетті өнім шығару жолымен ауылды дамыту тұжырымдамасына негізделген жоба.
Өнімнің (тауардың) БАБӨ жобасына сәйкестігін айқындау мынадай өлшемшарттарға сәйкес жүзеге асырылады:
өнім (тауар) жергілікті/локальды шикізаттан өндірілуге тиіс;
өнімді (тауарды) дайындау кезінде күрделі емес құралдар мен тетіктер пайдаланылуға тиіс;
өнім (тауар) мүмкіндігінше сол аумақтың өңірлік ерекшелігін (өнімнің шығу тарихын) көрсетуге және қамтуға тиіс;
өнім (тауар) құрамында қауіпті немесе зиянды заттар болмауға, өнімді (тауарды) қауіпсіз тасымалдау үшін қажетті қаптама болуға тиіс, сондай-ақ өнім (тауар) сақтау мерзімі күнтізбелік 5 (бес) күннен аспайтын тез бұзылатын санатқа жатпауға тиіс;
4) бюджеттік инвестициялық жобаларды мониторингілеу – жаңа объектілерді құру (салу), қолда бар объектілерді реконструкциялау, сондай-ақ ақпараттандыру объектілерін құру және дамыту барысы туралы бюджет қаражаты бөлінген сәттен бастап пайдалануға берілген сәтке дейін ақпаратты тұрақты және жүйелі жинау мен талдау жөніндегі іс-шаралар жиынтығы;
5) бюджет процесі – мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасымен регламенттелген бюджетті жоспарлау, қарау, бекіту, атқару, нақтылау және түзету, бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілікті жүргізу, бюджеттік есеп және бюджеттік есептілік, мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау, бюджеттік мониторингілеу және нәтижелерді бағалау жөніндегі қызметі;
6) жеке кабинет – тізілімдегі пайдаланушының (кәсіпкер, уәкілетті орган, өңірлік үйлестіруші, өңірлік үйлестіру кеңесі, бюджеттік бағдарлама әкімшісі) дербес веб-парақшасы;
7) жеке шот – тізілімдегі өтінімдерді тіркеу және олармен операцияларды есепке алу мақсатында кәсіпкерді сәйкестендіруге мүмкіндік беретін жазбалардың жиынтығы;
8) жеке қаржыландыру жоспары – мемлекеттік мекеменің шығыстардың функционалдық және экономикалық сыныптамасына сәйкес міндеттемелер бойынша жеке жоспар, төлемдер бойынша жеке жоспар нысанында қалыптастырылатын негізгі құжаты;
9) жергiлiктi бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiсi – облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкiмi айқындайтын, жергiлiктi атқарушы органның бюджеттiк бағдарламаларды жоспарлауға, негіздеуге, іске асыруға және нәтижелерге қол жеткізуге жауапты құрылымдық бөлiмшесi;
10) заманауи форматтағы сауда объектілері – арнаулы немесе аралас тауарлар ассортиментінің атауы (бірліктері) бір мыңнан басталатын және одан асатын, дәстүрлі қызмет көрсету әдісімен қатар өзіне-өзі қызмет көрсету әдісімен, сондай-ақ саудада қосымша қызметтер көрсете отырып жұмыс істейтін, төлем карталарын пайдаланып төлем жүргізуге арналған жабдығы (құрылғысы) бар, еңбек өнімділігі және сауда алаңының шаршы метріне қатысты сату өнімділігі жоғары, аумағының шекарасы шегінде автокөлік құралдарының тұрағына арналған алаңның болуы көзделген, стационарлық/стационарлық емес сауда объектілері;
11) инженерлік инфрақұрылым – халықтың тыныс-тіршілігіне, сондай-ақ өндірістің орнықты жұмыс істеуіне немесе тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің айналымына қалыпты жағдай жасайтын кәсіпорындардың (ұйымдардың), объектілердің (ғимараттар мен құрылысжайлардың), коммуникациялар мен инженерлік және коммуналдық қамтамасыз ету желілерінің жиынтығы;
12) кәсіпкер – Кодекске сәйкес айқындалатын және жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлік субъектісі мәртебесіне ие шағын және микрокәсіпкерлік субъектісі, оның ішінде «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес ауыл шаруашылығы кооперативтері болып табылатын заңды тұлғалар;
13) көрсетілетін қызметтерді беруші – мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға сәйкес өңірлік үйлестіруші айқындайтын, субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қол жеткізуді және оны иеленуші ретінде сүйемелдеуді қамтамасыз ететін тұлға;
14) қаржылық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ҚЭН) – заңды тұлғалардың жарғылық капиталына бюджет қаражатын салудың орындылығы, негізділігі туралы мәліметтер мен нәтижені бағалау қамтылған құжат;
15) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi жергiлiктi уәкiлеттi орган – тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiкте стратегиялық, экономикалық және бюджеттiк жоспарлау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы орган;
16) мемлекеттiк жоспарлау жөнiндегi орталық уәкiлеттi орган – стратегиялық және экономикалық жоспарлау, бюджет саясатын әзiрлеу және қалыптастыру, сондай-ақ өңiрлiк даму саласындағы мемлекеттiк саясатты қалыптастыру және іске асыру саласындағы басшылықты және салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
17) өңірлік үйлестіруші – кәсіпкерлік саласындағы жергілікті атқарушы органның облыс (астана, республикалық маңызы бар қалалар) әкімі айқындайтын құрылымдық бөлімшесі;
18) өңірлік үйлестіру кеңесі (бұдан әрі – ӨҮК) – облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдері құратын және басқаратын, қатысушылардың жалпы санының кемінде 50 %-ы бизнес-қоғамдастықтың өкілдерінен тұратын консультативтік-кеңесші орган;
19) өтінімдердің электрондық тізілімі (бұдан әрі – тізілім) – өтінімдер, сондай-ақ кәсіпкерлер туралы мәліметтердің жиынтығы және субсидиялаудың ақпараттық жүйесінде көрсетілген өзге де мәліметтер;
20) субсидиялаудың ақпараттық жүйесінің веб-порталы (бұдан әрі – веб-портал) – субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне қолжетімділік беретін, Интернет желісінде орналастырылған интернет-ресурс;
21) тікелей нәтиже – көзделген бюджет қаражаты шегінде орындалатын мемлекеттік функциялар, өкілеттіктер мен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер көлемінің сандық сипаттамасы, оларға қол жеткізу толығымен осы функцияларды, өкілеттіктерді жүзеге асыратын немесе қызметтер көрсететін ұйымның қызметіне байланысты;
22) түпкiлiктi нәтиже – бюджеттік бағдарламаның мемлекеттiк орган қызметiнiң тікелей нәтижелерiне қол жеткiзуге негізделген, стратегиялық жоспардың, аумақтарды дамыту бағдарламасының және (немесе) бюджеттiк бағдарламаның мақсатына қол жеткізуді санмен өлшейтін көрсеткіші;
23) шағын өнеркәсіптік аймақ – шағын өндірушілерге қызмет көрсетуге арналған бірыңғай кеңістік, ауыл шаруашылығы кооперативтерінен, шаруа және фермер қожалықтарынан, сондай-ақ жеке қосалқы шаруашылықтардан келетін ауыл шаруашылығы өнімдерін қабылдауға, өңдеуге, буып-түюге және сақтауға арналған ықшам, экономикалық қолжетімді өндірістік-логистикалық пункт (шағын өнеркәсіптік аймақ мал шаруашылығы, өсімдік шаруашылығы және өнімді қайта өңдеу функционалдық бағыттары бойынша құрылады);
24) «электрондық үкімет» веб-порталы – нормативтік құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкіметтік ақпаратқа және мемлекеттік көрсетілетін қызметтерге, табиғи монополиялар субъектілерінің желілеріне қосылуға техникалық шарттар беру жөніндегі көрсетілетін қызметтерге және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің электрондық нысанда көрсетілетін қызметтеріне қол жеткізетін бірыңғай терезе болып табылатын ақпараттық жүйе;
25) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесілілігін және ондағы мәліметтердің өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиыны.
2-тарау. Инфрақұрылымдық қолдау көрсету тәртібі
1-параграф. Инфрақұрылымдық қолдау көрсету шарттары
Басым түрлердің тізбесін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен келісу бойынша «Атамекен» ҰКП уәкілетті органы бекіткен экономика салаларына рейтинг беру тәртібін айқындайтын ішкі нормативтік құжатқа сәйкес бөлім, топ, сынып немесе кіші сынып деңгейінде ЭҚЖЖ санын 6-дан (алты) асырмай әрбір жеке жергілікті атқарушы орган өңірді дамыту басымдықтарын негізге ала отырып айқындайды.
«Ауыл аманаты» бағдарламасы және БАБӨ шеңберінде іске асырылатын жобалар, сондай-ақ ауыл шаруашылығы кооперативтері іске асыратын жобалар басым бағыттарға жатады және инфрақұрылымдық қолдау алуға өтінім берген кезде бірінші кезекте (басымдықпен) қаралады.
Инфрақұрылымдық қолдау алуға үміткер кәсіпкерлер үшін қарсы міндеттемелер «Атамекен» ҰКП ішкі нормативтік құжатында көзделген талаптар мен өлшемшарттарға сәйкес белгіленеді.
инженерлік инфрақұрылым:
1) ұңғымаларды бұрғылауды қоса алғанда, су бұру және сумен жабдықтау жүйелері;
2) газдандыру объектілері;
3) су құбырлары, бу құбырлары және жылу желілері;
4) су құбырлары мен санитариялық құрылысжайлар (септиктер);
5) электр қосалқы станциялары және электр беру желілері;
6) бу-газ қондырғылары;
7) байланыс желілері, Интернет және телефондандыру;
8) теміржол тұйықтары мен кірме жолға жібере алады;
қызметтің басым түрлерін қолдауға бағытталған жалпы пайдаланымдағы өндірістік инфрақұрылым объектілері:
жалпы пайдаланымдағы өндірістік инфрақұрылым объектілеріне:
1) өндірістік шағын кластерлер;
2) жабдықты бірлесіп пайдалану орталықтары;
3) жалпы қол жетімді қолөнер және тігін шеберханалары;
4) азық-түлік шағын цехтары мен қайта өңдеу орталықтары;
5) өндірістік коворкингтер;
6) басқа да коммерциялық жылжымайтын мүлік және (немесе) жер учаскесі жатады;
жалпы пайдаланымдағы логистикалық инфрақұрылым объектілеріне:
1) логистикалық және қойма алаңдары;
2) өнімді сұрыптау, орау, буып-түю және таңбалау орталықтары;
3) шағын өнеркәсіптік аймақтар;
4) жергілікті өндірушілерге арналған тарату хабтары;
5) шағын кәсіпкерлік өнімдерін шоғырландыру нүктелері жатады;
кәсіпкерлерге арналған өткізу инфрақұрылымы объектілеріне:
1) кәсіпкерлердің өнімдерін заманауи форматтағы сауда объектілерінде орналастыру аймақтары (SME-corners);
2) жергілікті өндірушілердің шағын нарықтары;
3) жәрмеңке және көрме алаңдары;
4) кәсіпкерлердің өнімдерін көрсетуге арналған экспо-аймақтар мен павильондар;
5) көшпелі өткізу пункттері мен уақытша сауда павильондары жатады;
кәсіпкерлер үшін туристік инфрақұрылым объектілеріне:
1) кемп-сайттар мен керуен және автоүй тұрақтарына арналған аймақтар;
2) визит-орталықтары мен туристік-ақпараттық қызмет көрсету нүктелері;
3) туристік маршруттар бойындағы сервистік алаңдар (санитариялық тораптар, шатырлар, тамақтану нүктелері, зарядтау станциялары, демалыс аймақтары);
4) туристік аймақтардағы қолөнершілер мен жергілікті өндірушілерге арналған кеңістіктер;
5) шағын мұражайлар, этно-аймақтар және демонстрациялық орталықтар жатады.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар арқылы және мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі арқылы инфрақұрылым объектілерін құруға және дамытуға қолдау көрсетуге жол беріледі.
Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар өкілеттіктері шегінде және осы Қағидаларға және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес объектілерді салу, реконструкциялау және жаңғырту, үй-жайлар мен жер учаскелерін пайдалануға беру, жеңілдікті жалға беруді қолдану, мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетіктеріне қатысу, жеке инвестицияларды тарту, бірлесіп инвестициялау, жабдықтарды сатып алу және беру, сондай-ақ кәсіпкерлердің қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында инфрақұрылым объектілерін басқару және пайдалану арқылы жобаларды іске асыруды жүзеге асырады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік тетігі жеке әріптестің инвестициялық және (немесе) операциялық шығынын әзірлік үшін төлем, капитал шығынының бір бөлігін өтеу нысанында не Қазақстан Республикасының мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы заңнамасында белгіленген мемлекеттік қолдаудың өзге де нысандарында бюджет қаражаты есебінен өтеуді көздейді.
Ортақ пайдаланылатын инфрақұрылым объектілерін құру объектіні кемінде 3 (үш) кәсіпкерлік субъектісі пайдаланған жағдайда жүзеге асырылады.
1) салық және әлеуметтік төлемдер бойынша бюджет алдында берешегі бар;
2) банкроттық, тарату немесе мәжбүрлеп өндіріп алу рәсіміндегі;
3) ұқсас қызмет түрі бар жұмыс істеп тұрған кәсіпкерлермен үлестес;
4) Кодекстің 24-бабының 4-тармағында көрсетілген қызмет түрлері бойынша жобаларды іске асыратын кәсіпкерлерге инфрақұрылымдық қолдау көрсетілмейді.
Сөре кеңістігінің құнын және жергілікті өндірушілерді орналастыру бойынша өзге де ілеспе шығыстарды төлеу инфрақұрылымдық қолдау шеңберінде бекітілген бюджеттік бағдарламалар шегінде жүзеге асырылады.
Егер заманауи форматтағы сауда объектісін салу кезінде инженерлік инфрақұрылымды объект аумағының шекарасына дейін жеткізу мемлекеттік қаражат есебінен жүзеге асырылған жағдайда, сауда объектісі шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін сауда алаңын және (немесе) сөре кеңістігін мынадай:
ауданы 1000 (бір мың) шаршы метрге дейінгі объектілер үшін жалпы сауда алаңының 5 %-ынан;
ауданы 1000-нан (бір мың) 3000 (үш мың) шаршы метрге дейінгі объектілер үшін жалпы сауда алаңының 3 %-ынан кем емес ең төменгі көлемде беруді қамтамасыз етеді.
Көрсетілген сауда алаңдары және (немесе) сөре кеңістіктері жергілікті өндірушілердің бірыңғай аймағы түрінде қалыптастырылады және азық-түлікті қайта өңдеу, қолөнер өндірістері, тоқыма және экономикалық қызметтің басым түрлеріне жататын өзге де өндірістік бағыттар өнімдерін қоса алғанда, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің өнімдерін орналастыруға арналған.
Бұл ретте инженерлік инфрақұрылымды жүргізу сауда объектісі аумағының шекарасына дейін ғана жүзеге асырылады.
1) кәсіпкерлерді инфрақұрылымдық қолдау мүмкіндіктері туралы хабардар етуді;
2) инфрақұрылым объектілеріне қол жеткізу және пайдалану тәртібі бойынша консультация беруді;
3) кәсіпкерлер мен инфрақұрылымдық объектілердің операторлары арасындағы өзара іс-қимылды;
4) инфрақұрылым объектілерінің жұмыс істеу тиімділігін мониторингілеуді жүзеге асырады.
2-параграф. Кәсіпкерлердің жобалары бойынша инфрақұрылымдық қолдау алу үшін қатысушылардың өзара іс-қимылы
1) бизнес-жоспар;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2025 жылғы 28 маусымдағы № 59 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялық жобаларды жоспарлау және іске асыру, инвестициялық ұсынысты, техникалық-экономикалық және қаржылық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу немесе түзету, қажетті сараптамалар жүргізу, бюджеттік кредиттеудің орындылығын айқындау, мемлекеттік инвестициялық жобалар портфелін қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік инвестициялық жобалардың бекітілген (нақтыланған) параметрлерін түзету, іріктеу, іске асырылуын мониторингілеу және бағалау қағидаларына сәйкес техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ТЭН) әзірлеуді талап етпейтін жобаларды қоспағанда, жобаның ТЭН;
3) жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама.
1) кәсіпкердің жобасын осы Қағидалардың шарттарына сәйкестігі тұрғысынан тексереді;
2) ӨҮК үшін кәсіпкерлердің жобалары бойынша ұсынымдар әзірлейді;
3) құжаттардың толық топтамасымен қоса кәсіпкерлер жобаларының тізімін ӨҮК қарауына енгізеді;
4) ӨҮК отырысы күн тәртібінің мәселесін қалыптастырады, өткізілетін күнін, уақытын және орнын айқындайды, ол туралы ӨҮК барлық мүшелерін хабардар етеді.
ӨҮК отырысы ӨҮК мүшелері санының кемінде үштен екісі (кворум) қатысқан кезде өткізіледі. Шешімді қатысушылардың жалпы санының кемінде үштен екісі қабылдайды.
1) кәсіпкердің және ол іске асыратын жобалардың осы Қағидалардың өлшемшарттарына сәйкестігін тексереді;
2) ӨҮК мүшелері арасында кәсіпкердің жобасы мен қоса беріліп отырған құжаттарды, оның ішінде шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жобаларын іске асыру қорытындылары бойынша құрылатын тұрақты жұмыс орындары, бюджетке түсетін салық түсімдері, өнім өндіру көлемі туралы болжамды ақпаратты қарайды және талқылайды;
3) талқылау нәтижелері бойынша ӨҮК осы Қағидаларға сәйкестігі тұрғысынан инфрақұрылым беру мүмкіндігі (немесе мүмкін еместігі) туралы шешім қабылдайды.
1) бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік сұранымдарын олардың Қазақстан Республикасының бюджет және өзге де заңнамасына, әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, қолданыстағы табиғи нормалар мен стратегиялық жоспарлардың жобаларына немесе стратегиялық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулардың жобаларына және бюджеттік бағдарламалардың жобаларына сәйкестігі тұрғысынан қарайды, бұл ретте бюджеттік сұранымдарды қарау кезінде әрбiр бюджеттік бағдарлама бойынша шығыстардың түрлерiн есептегенде басшылыққа алу үшін Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында белгіленген тауарларға, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерге арналған бағалардың дерекқоры да пайдаланылады.
Бюджеттік сұраным Қазақстан Республикасы бюджет заңнамасының оның жасалуы мен ұсынылуы жөніндегі талаптарына сәйкес келмеген кезде мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган оны қарамай, бюджеттік бағдарламаның әкімшісіне қайтарады;
2) материалдарды қарау нәтижелері бойынша бюджеттік сұранымдар мен бюджеттік бағдарламалардың жобалары бойынша қорытындылар қалыптастырып, оларды тиісті бюджет комиссиясының қарауына жібереді;
3) уәкілетті органды/жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшілерін бюджет комиссиясының шешімі туралы хабардар етеді.
3-тарау. Инфрақұрылымдық қолдау көрсетуді мониторингілеу
1) жұмыстардың нақты жай-күйін, объектілердің жұмыс істеуін және жүктелу көрсеткіштерін қоса алғанда, жалпыға ортақ пайдаланылатын инфрақұрылым объектілерін құру және пайдалану барысы туралы ақпарат жинау;
2) бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштері мен мақсаттарына сәйкес шағын кәсіпкерлікті инфрақұрылымдық қолдау жобаларын іске асыру шеңберінде қол жеткізілген тікелей және түпкілікті нәтижелер туралы есеп дайындау;
3) бюджеттік инвестициялық бағдарламалар шеңберінде жалпыға ортақ пайдаланылатын инфрақұрылым жобаларын іске асыруға бөлінген қаражатты игеру туралы мәлімет жинау көзделеді.
Есептің PDF форматындағы сканерленген көшірмесін өңірлік үйлестіруші осындай есепті уәкілетті орган/жергілікті бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қабылдаған күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде субсидиялаудың ақпараттық жүйесіне жүктейді.
Жергілікті бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері есепті жылдан кейінгі жылдың 1 (бірінші) сәуіріне дейін мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті органға жылдық мониторингіні ұсынады.
Жиынтық ақпаратта:
1) кәсіпкерлерге инфрақұрылым ұсыну туралы ақпарат;
2) аяқталған және қолданыстағы жобалар бойынша ақпарат;
3) ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) бюджеті қаражатының және облыстық бюджеттен бөлінетін нысаналы даму трансферттері мен кредиттері есебінен қаржыландырылатын жобалардың тізбесі, қаржыландыру жоспарының сомалары, жобалардың нақты орындалуы, аяқталған жобалар саны, игерілмеген сомалар мен оның себептері туралы ақпарат қамтылады.
___________________
Шағын кәсіпкерлік субъектілеріне инфрақұрылымдық қолдау көрсету қағидаларына
қосымша
Нысан
Инфрақұрылымдық қолдау көрсетуге
электрондық өтінім
___________________________________________________________________.
(заңды тұлғаның толық атауы, жеке кәсіпкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Заңды тұлға үшін:
атауы _______________________________________________________
БСН ________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)________________________________
басшының ЖСН_______________________________________________
мекенжайы____________________________________________________
телефон (факс) нөмірі___________________________________________
Дара кәсіпкер үшін:
атауы ________________________________________________________
тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ________________________________
ЖСН ________________________________________________________
жеке басын куәландыратын құжат:
нөмірі _______________________________________________________
кім берді______________________________________________________
берілген күні___________________________________________________
мекенжайы____________________________________________________
телефон (факс) нөмірі) __________________________________________
Дара кәсіпкер ретінде қызметтің басталғаны туралы хабарлама:
орналасқан жері ______________________________________________
хабарланған күні ______________________________________________ .
Банк деректемелері: _____________________________________________
Банктің атауы: _______________________________________________
БСК ________________________________________________________
ЖСК ________________________________________________________
БСН ________________________________________________________
Кбе _________________________________________________________ .
жобаның атауы_______________________________________________
жобаның қысқаша сипаттамасы__________________________________
жобаны іске асыру орны______________________________________
қызметтің бейінді бағыты (*жоба облыс орталықтарында, Астана, Алматы, Шымкент және Семей қалаларында іске асырылған жағдайда толтырылады): _____________________________________________________
қажетті инфрақұрылым түрі _______________________________
инфрақұрылымды жүргізу немесе жақсарту қажеттігінің негіздемесі
_____________________________________________________________
құрылыстың құны, мың теңге ___________________________________
жобаның құны (инвестициялар), мың теңге ________________________
салық салу жүйесі: _____________________________________________
экономика саласын көрсет: _____________________________________
экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші (ЭҚЖЖ):
_____________________________________________________________ .
жалдамалы жұмыскерлер саны ________________________________
|
Р/с |
Жылдар |
Факт |
Болжам |
||
|
ағымдағы жыл |
1-ші жыл |
1-ші жыл |
1-ші жыл |
||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
1 |
Құрылатын жұмыс орындарының саны, адам |
||||
|
2 |
Салық түріндегі түсімдер сомасы, мың теңге |
||||
|
3 |
Шығарылатын өнімнің көлемі, мың теңге |
|
|||
|
|
Басқа әсерлер |
|
|
|
|
|
Р/с |
Құжаттың атауы |
Электрондық файлдың атауы (pdf форматында) |
|
1 |
2 |
3 |
|
1 |
Бизнес-жоспар |
|
|
2 |
Жобаның ТЭН |
|
|
3 |
Жоба бойынша жобалау-сметалық құжаттама |
Жүктеу |
Мыналарға:
1) өңірлік үйлестірушінің алғаш талап етуі бойынша осы өтінімді қарау шеңберінде талап етілген банктік және коммерциялық құпияны қамтитын кез келген ақпарат пен құжаттарды беруге және ашуға;
2) өтінімде көрсетілген деректер өзгерген жағдайда өңірлік үйлестірушіні дереу хабардар етуге міндеттенемін.
Мен:
1) өңірлік үйлестіруші мен ӨҮК ұсынылған мәліметтерге тексеру жүргізілетінімен;
2) өңірлік үйлестіруші көрсетілген деректердің дұрыстығын тексеруге міндетті емес екенімен;
3) осы өтінімде қамтылған мәліметтер, сондай-ақ барлық талап етілген құжаттар жетіспейтін инженерлік инфрақұрылымды қаржыландыру үшін ғана ұсынылғанымен;
4) көрсетілген деректер мен ақпараттың анық еместігі анықталған жағдайда осы өтінім оны қараудың кез келген кезеңінде қабылданбайтынымен;
5) өңірлік үйлестіруші осы өтінімде көрсетілген мәліметтерді, ақпаратты және кәсіпкер ұсынған құжаттарды мүдделі үшінші тұлғаларға (ақпарат алу құқығы Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген), сондай-ақ кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органға, қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті органға, «Бәйтерек» ұлттық инвестициялық холдингі» акционерлік қоғамына, «Атамекен» Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасына ұсынатынымен;
6) өңірлік үйлестірушінің осы өтінімді қабылдауы, сондай-ақ кәсіпкердің ықтимал шығыстары (қажетті құжаттарды ресімдеуге және т.б.) өңірлік үйлестірушінің қаржыландыруды беру немесе кәсіпкер шеккен шығындарды өтеу міндеттемелері болып табылмайтынымен келісемін.
Конкурс шарттарымен және инженерлік инфрақұрылымды жүргізу шарттарымен/талаптарымен таныстым.
Ұсынылған ақпараттың анықтығын растаймын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анық мәліметтер ұсынбағаным үшін жауаптылық туралы хабардармын және заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға, сондай-ақ дербес деректер мен өзге де ақпаратты жинауға, өңдеуге, сақтауға, жүктеп шығаруға және пайдалануға келісім беремін.
Өтініш беруші 20__ жылғы «___» _____ сағ. 00:00 қол қойып, жіберді:
ЭЦҚ деректері
ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты
Өтінімді қабылдау туралы хабарлама:
Өңірлік үйлестіруші 20__ жылғы «___» __________ сағ. 00:00-де қабылдады:
ЭЦҚ деректері
ЭЦҚ қойылған күні мен уақыты
_______________________