Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қалай жасалады?

Тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, монтаждалған арнаулы жабдығы бар тіркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiн, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиорациялық және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды мемлекеттiк тiркеу қалай жасалады?

Машиналарды тіркеу Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 4-3/267 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 20 шілдеде № 11702 2-ші тарау, 1 – параграфке сәйкес жүзеге асарылады.

  • Көрсетілетін қызметті алушылар мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін тіркеу орнына (көрсетілетін қызметті берушіге) "электрондық үкіметтің" веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы электрондық нысанда не тіркеу пунктінің (көрсетілетін қызметті берушінің) кеңсесіне қағаз түрінде Тізбенің 8-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
  • тіркеу пункті (көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесінің қызметкері құжаттар топтамасын қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады және құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақытын өтініштің көшірмесінде көрсете отырып, құжаттар топтамасының қабылданғаны туралы белгімен өтініштің қабылданғанын растайды және тіркеу пунктінің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына жібереді;
  • тіркеу пунктінің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысы құжаттарды қарастырады және тіркеу пунктінің (көрсетілетін қызметті берушінің) жауапты орындаушысына (бұдан әрі – инженер-инспектор) орындау үшін жібереді.
  • инженер-инспектор тіркеу іс-қимылдарын жүргізеді және деректерді ақпараттық жүйеге енгізеді және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесінің жобасын дайындайды және қол қою үшін тіркеу пунктінің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысына жолдайды;
  • тіркеу пунктінің (көрсетілетін қызметті берушінің) басшысы мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қояды және тіркеу пункті (көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесінің қызметкеріне жолдайды;
  • тіркеу пункті (көрсетілетін қызметті беруші) кеңсесінің қызметкері көрсетілетін қызметті алушыға тіркеу құжатын (телнұсқасын) және (немесе) осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес нысан бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы уәжді жауап береді.