«Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі» ММ әдістемелік қызметімен 04.05.2025 Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 34 мектеп-лицей» КММ базасында «Педагог - психологтардың жобалық қызметі: идеядан іске асыруға» тақырыбында психологиялық - педагогикалық жобалар мен бастамаларды әзірлеу және іске асыру бойынша консультациялық-оқыту сессиясы өткізілді. Спикерлер: Жумағалиева Б.К. - психология ғылымдарының кандидаты, С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Психология және коррекциялық педагогика» кафедрасының қауымдастырылған профессоры және Аканова Ж. М. – С.Аманжолов атындағы ШҚУ «Психология және коррекциялық педагогика» кафедрасының аға оқытушысы, психология магистрі, Нугумарова А.Д.-Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің әдіскері.
Педагог-психологтардың жобалық қызметі бойынша оқыту сессиясының тақырыбы өте өзекті, себебі ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу және жобалармен жұмыс істеу – педагог-психологтың маңызды құзыреттіліктерінің бірі болып табылады. Бұл қызмет кәсіби шеберлікті арттыруға, психологиялық-педагогикалық практиканы жетілдіруге және білім беру психологиясы саласындағы білімді ілгерілетуге ықпал етеді. Сессия барысында Жумагалиева Б.К. және Аканова Ж.М. спикерлерінің практикалық бағыттағы баяндамалары тыңдаушылардың ерекше қызығушылығын тудырды. Олар жобаны құрудың барлық кезеңдерін жан-жақты ашып көрсетті, бұл қатысушыларға жобалық қызметтің теориялық негіздерін түсініп, практикалық дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.
Кәсіби сессияның мазмұнын байыта түскен маңызды элементтердің бірі - «мектеп-лицей №34» КММ педагог-психологтары Васильева Г.Д. мен Алибекова А.Б. ұйымдастырған отбасылық үстел ойындарының көрмесі болды. Көрме барысында педагог-зерттеуші Васильева Г.Д. авторлық «Топтық өзара әрекет арқылы эмоционалдық интеллект компоненттерін дамыту» бағдарламасының мақсаттары мен міндеттерімен таныстырып, қолданылатын ойын құралдарына шолу жасады. Бұл бағдарлама тек эмоционалдық интеллектіні дамытуға ғана емес, сонымен қатар метатанымдық дағдыларды, танымдық процестерді жетілдіруге, балалардың әртүрлі қабілеттері мен танымдық мүмкіндіктерін анықтап, дамытуға бағытталған. Бұл әсіресе дарынды балалармен жұмыс істеуде маңызды болып табылады.
Педагог-психологтың ғылыми-зерттеу қызметі оның кәсіби қалыптасуы мен дамуының ажырамас бөлігі болып табылады. Бұл тәжірибені терең түсінуге, кәсіби құзыреттілікті кеңейтуге және білім беру процесіне инновациялық тәсілдерді енгізуге ықпал етеді. Мұндай қызмет психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу сапасын жақсартуға, білім беру ортасының тиімділігін арттыруға және оқушылардың жан-жақты дамуына жағдай жасауға бағытталған.