«Brawl stars sport» ойынының негізінде спорттық эстафета

«Brawl stars sport» ойынының негізінде спорттық эстафета

Оқушылар шығармашылығы сарайында балалар мен жасөспірімдердің назарын салауатты өмір салтына аударуға бағытталған «СӨС» тәрбие жобасын іске асыру жалғасуда.

14 мамырда 2 – сынып оқушыларына арналған «Brawl stars sport» ойынының негізінде спорттық эстафета өтті.

Іс-шараға «№ 26 орта мектептің» бастауыш сынып оқушылары белсенді қатысты.

Танымал «Brawl Stars» ойынының кейіпкерлері түрлі челлендждер дайындап, балалармен бірігіп, жеңіске бірге жетулеріне көмектесті.

Қатысушыларға зор денсаулық пен тамаша көңіл-күй тілейміз.