«От жылдарын еске алу» атты конференция

«От жылдарын еске алу» атты конференция

«Өскемен қаласы бойынша білім беру бөлімі» 2025 жылғы 5 мамырда Жеңістің 80 жылдығына арналған Республикалық іс-шаралар жоспары аясында «От жылдарын еске алу» атты конференция өткізді. Конференция аясында 238 дивизияның ерлігіне арналған патриоттық акция өткізілді. Конференция «Гумилев атындағы № 38 мектеп-гимназиясы» КММ базасында өтті. Шараға Өскемен қаласының, Алтай ауданының, Ұлан және Шемонаиха аудандарының мектеп оқушылары қатысты.
Конференция барысында бұрын хабар-ошарсыз кеткен деп есептелген қазақстандық сарбаздарға қатысты тарихи сирек кездесетін құжаттар, іздестіру-волонтерлардың ақпараты ұсынылды. Конференция қорытындысы бойынша тезистер жинағы шығарылады. Шараға барлығы 100-ге жуық адам қатысты.