Өскемен қаласы бойынша білім бөлімі қала мектептерінің оқу ісі жөніндегі директор орынбасарларымен әдістемелік кеңес өткізді. Қалалық әдістемелік кабинет меңгерушісі Капчикова Нургуль Тлеубековна соңғы үш жылда 11-сыныптардағы білім сапасының мониторингі мен таныстырды, нәтижесінде білім деңгейінде оң көрсеткіштер байқалды.
Сондай-ақ, қорытынды аттестсуға және ҰБТ-ға даярлық кезеңінде психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуді жоспарлаудың негізгі тәсілдері талқыланды. Әдіскер Нугумарова Айша Даулеткановна жеке тәсілдер мен қолдаушы білім беру ортасын құруға ерекше назар аударды. Әдістемелік кеңестің қорытындысы бойынша ұсыныстар берілді.