Жас мектеп директорларына арналған семинар-практикум
Тақырыбы: «Мектептегі білім сапасын басқару жүйесі. Кешенді білім беру мониторингінің құрамдас бөліктері»
Модератор: Капчикова Н.Т., білім бөлімі әдістемелік кабинетінің меңгерушісі
Семинар-практикум аясында жас басшыларға мектептегі сапа менеджменті жүйесін тиімді басқару тәсілдері ұсынылды.
Психологиялық сергіту сәтін №36 мектептің педагог-психологы Селиванова В.А. «Мен – қуат пен шабыт көзі» техникасы арқылы жүргізді.
№46 мектеп директоры Ауганбаева Г.Б. «Мектепті басқару менеджменті – сапалы білім мен саналы тәрбиенің негізі» атты шеберлік сағатын өткізді.
Диалогтық алаңда №36 мектеп директоры Шостко Л.И. «Мектептегі білім сапасын басқару жүйесі. ІШБ – кешенді мониторинг құралы ретінде» тақырыбында тәжірибесімен бөлісті.