1 мамырда еліміз тамаша мереке – Қазақстан халқының бірлігі күнін атап өтеді. Осы күні қаламыздың Этнопаркінде қосымша білім беру ұйымдары “Бірлігі жарасқан – Қазақстан” атты концерттік бағдарлама өткізді. Мерекелік бағдарламаны “Жұлдыз” балалар өнер мектебінің - “Мұрагер” домбырашылар ансамблінің 200 оқушысы “Тепеңкөк” күйімен ашты.
Бағдарламада шығармашылық ұжымдардың жарқын өнерлері, жеке орындаулар мен түрлі халықтың мәдени мұрасын бейнелейтін би қойылымдары ұсынылды. Бұл мереке – бірлікте күш, ал татулықта – болашағымыз бар екенін еске салады.