Балабақшадағы жазғы сауықтыру-шынықтыру жұмыстары

Балабақшадағы жазғы сауықтыру-шынықтыру жұмыстары

Жаз мезгілі баланың денсаулығын нығайтып, ағзасын шынықтыруға көмектесетін ең тиімді кезең. «Шығыс Балдырған» балабақшасында тәрбиешілер жаздың шуақты күндерін барынша тиімді пайдалануды. Сауықтыру-шынықтыру жұмыстарының мақсаты: балалардың денсаулығын сақтау әрі нығайту,гигиеналық және дене шынықтыру мәдениеті негіздерін, денсаулыққа маңызды өмірлік құндылықтарды қалыптастыру. Шынықтыру шаралары таңертең балаларды далада қабылдау мен таңғы жаттығудан басталып ,серуен кезінде жалғасып отырады. Мектеп жасына дейінгі балалардың жаздың күні таза ауада болуы бала ағзасын нығайтады және шынықтырады, олардың жан-жақты дамуы мен эмоциялық көңіл күйіне оң әсерін тигізеді. Серуен кезінде жалаң аяқ құмды жолмен журу, аяқты жылы сумен шаю, қимылды ойындар, сергіту сәттері, ұйқыдан кейінгі гимнастика, су процедуралары жүйелі жүзеге асырылуда.