
Өскемен қаласы әкімдігінің «№7 орта мектебі» КММ командалары «Robotek Grand Tournament Astana 2026» халықаралық робототехника чемпионатында мектеп намысын абыроймен қорғап, «Robobastau» жобасы бойынша үздік деп танылды.
Оқушылар жоғары дайындық деңгейін, инженерлік ойлау қабілетін, командалық бірлікті көрсетіп, мықты командалар арасында өз білімдері мен шеберліктерін сенімді түрде дәлелдей білді.
Команда жетекшілері — Нұрғалиева Гаухар Есенқызы мен Русланова Айжан Руслановна. Олардың кәсіби біліктілігі, жан-жақты қолдауы және сапалы дайындығының арқасында білім алушылар жоғары нәтижелерге қол жеткізіп, мектептің абыройын халықаралық деңгейде лайықты танытты.