
2026 жылғы 11 наурызда «№34 мектеп-лицейі» КММ «Өскемен қаласының білім бөлімі» ММ-не қарасты мектептердің педагогтері мен педагог-психологтарын қонақжайлықпен қарсы алды. Осы күні Білім бөлімінің бастамасымен «Педагогикалық шеберлік орталығы» дербес білім беру ұйымының Педагогикалық шеберлік орталығының аға менеджері В.С. Пактың қатысуымен «Қауіпсіз білім беру ортасы: буллингтің алдын алу құралдары» тақырыбында қалалық семинар-практикум ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында қатысушылар білім беру ортасында буллингтің алдын алуға бағытталған KiVa бағдарламасының әдіснамалық негіздерімен және құрылымымен танысты. Сонымен қатар ұсынылған кейстерді талдап, білім алушылар арасында буллингтің алдын алуға бағытталған түрлі жағдайларды модельдеуге белсенді қатысты. Семинар барысында педагогтер буллингтің алдын алу, оқушылар арасында қолайлы қауіпсіз білім беру ортасын құру жолдары бойынша тәжірибе алмасып, өз пікірлерімен бөлісті.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушылар қауіпсіз білім беру ортасын қалыптастыру бағытындағы жұмысты ұйымдастыруда қолданылатын практикалық құралдардың маңыздылығы жоғары екенін атап өтті.