«Жаңа мектепке – жанашыл ұстаз» VIII республикалық байқауының қалалық кезеңі

«Жаңа мектепке – жанашыл ұстаз» VIII республикалық  байқауының қалалық кезеңі

2026 жылдың 19-20 ақпан күндері «№15 орта мектебі» КММ базасында «Жаңа мектепке – жанашыл ұстаз» VIII республикалық байқауының қалалық кезеңі өтті. Байқаудың негізгі мақсаты – жас педагогтардың кәсіби шеберлігін арттыру, шығармашылық ізденісін қолдау және жаңашыл әдістерді білім беру үдерісіне енгізуге мүмкіндік жасау.
Қалалық кезеңге әр білім беру ұйымынан жас, белсенді, білімді де білікті педагогтар қатысып, өздерінің инновациялық тәжірибесін, әдістемелік шеберлігін және заманауи көзқарастарын көрсетті. Қатысушылар бірнеше кезең бойынша сынға түсіп, оқытудағы жаңа тәсілдерді тиімді қолдану дағдыларын паш етті.
Байқау қорытындысы бойынша І жүлделі орынды №7 орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Тохтарова Л.С. ие болып, облыстық кезеңге қатысуға ұсынылды және жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталып, оларға тиісті дәрежедегі дипломдар мен сертификаттар табысталды.
Жас педагогтарға қолдау көрсетіп, шығармашылығын дамытуға бағытталған бұл байқау қаламызда білім беру сапасын арттыруға, мұғалім мәртебесін көтеруге өз үлесін қосты.