«Қосымша білім беру ұйымдарында жүйелеу және жергілікті құжаттаманы жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел

«Қосымша білім беру ұйымдарында жүйелеу және жергілікті құжаттаманы жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел

2025 жылғы 15 қазан күні Жас техниктер станциясының базасында Өскемен қаласы Білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Қосымша білім беру ұйымдарында жүйелеу және жергілікті құжаттаманы жүргізу» тақырыбында оқу жұмысы жөніндегі директордың орынбасарлары үшін дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шараға Өскемен қаласында балалар мен жасөспірімдерге арналған мектептен тыс қызметті жүзеге асыратын барлық қосымша білім беру ұйымдары қатысты.
Білім бөлімінің қосымша білім беру бойынша жетекшілік ететін әдіскері негізгі жергілікті құжаттаманы жүйелі түрде жаңартып отыру, оның есебін жүргізу, сондай-ақ жергілікті актілердің білім беру процесінің барлық қатысушылары үшін қолжетімді болуын қамтамасыз ету қажеттілігі жөнінде тапсырма қойды.
Өткізілген дөңгелек үстел қосымша білім беру мекемелерінің жұмысын тиімді ұйымдастыру үшін жергілікті құжаттаманы жүйелеу мен сапалы жүргізудің маңыздылығын көрсетті. Қатысушылар жергілікті актілерді рәсімдеу мен өзектендіруде бірыңғай тәсілдерді қолданудың, олардың нормативтік-құқықтық базаға және білім беру бағдарламаларының ерекшеліктеріне сәйкестігін қамтамасыз етудің қажеттігін атап өтті.
Шара барысында барысында құжаттамалық сүйемелдеудің дұрыс ұйымдастырылған жүйесі басқару үдерісінің ашықтығын арттыруға, педагогтер мен білім алушылардың құқықтық қорғалуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ білім беру процесінің сапасын арттыруға ықпал ететіні атап өтілді. Құжат айналымын цифрландыру және құжаттармен жұмысты оңтайландыру үшін заманауи құралдарды енгізу мәселелеріне ерекше көңіл бөлінді.