Білім беру ұйымдарына қарасты мекемелердің педагог-психологтарының секциялық отырысы:
«Заманауи мектеп жағдайында оқу-тәрбие үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу».
2025 жылдың 28 тамызында Өскемен қаласы білім бөлімінің қалалық тамыз конференциясы аясында «Цифрлық шешімдер – заманауи білім беруде. Жасанды интеллект» тақырыбында «№ 48 мектеп- қосымша білім беру орталығы» КММ базасында секциялық отырыс өтті. Секциялық отырыстың тақырыбы: «Заманауи мектеп жағдайында оқу-тәрбие үдерісін психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу».
Іс-шара «Қолдау мен мейірім галактикасы» атты шабыттандыратын бейнеашық хатты тамашалаудан және «Шабыт: ішкі ресурстар, мотивация және эмоционалдық тепе-теңдік» тақырыбындағы психологиялық көңіл күй қалыптастырудан басталды.
Секциялық отырыс барысында білім бөлімі әдіскері Нугумарова А.Д. білім беру ұйымдарының педагог-психологтарының жұмысындағы маңызды бағыттарға тоқталып, олардың қызметін нақты әрі жүйелі жоспарлау қажеттілігіне назар аударды. Бұл ретте педагог-психологтардың жұмысын ұйымдастыруға қатысты нормативтік-құқықтық құжаттарға, атап айтқанда, Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2025 жылғы 29 сәуірдегі №92 бұйрығымен бекітілген «Білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу қызметінің жұмыс қағидаларына» сүйену қажеттігі атап өтілді. Сонымен қатар, жұмыс барысында «Диагностикалық әдістемелер жинағы: мектеп психологына көмек». Алматы, 2025 ж., ҚР Оқу-ағарту министрлігі, Балалар құқығын қорғау комитеті, «Өркен» ҰАО Ұлттық ғылыми-практикалық инклюзивті білім беру орталығы» құралын қолдану ұсынылды.
Секциялық отырыс барысында «С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университеті» КЕАҚ оқытушылары Кукина Ю.Е. мен Канапиянова К.Д. сөз сөйледі.
Қатысушыларға келесі тақырыптар бойынша презентациялар ұсынылып, мәселелер талқыланды:
– «Мектептегі жасанды интеллект: оқушыға әсері – қауіп пе, мүмкіндік пе? Цифрландыру жағдайында бағытты жоғалтпай, балаларға қолдау қалай көрсетуге болады?» (Гущина А.Е., «Бриг» жекеменшік мектебі),
– «Экран мен жүрек арасындағы көпір: цифрлық технологиялар дәуірінде ата-ана мен бала арасындағы байланысты нығайту құралы ретінде арт-терапия» (Рафикова Н.Р., №12 мектеп-гимназиясы).
Педагог-психологтар қауымдастығының төрайымы қауымдастықтың қызметі, ЖОО-лармен, Өрлеу БАҰО, ППП Республикалық орталығымен бірлескен шығармашылық топтардың жұмысы туралы баяндама жасауды ұсынды.
Кездесу соңында проблемалық мәселелер талқыланып, ұсыныстар берілді. Бұл кездесу кәсіби сұрақтарды талқылаумен қатар, жаңа оқу жылы қарсаңында өзара тәжірибе алмасуға, қолдау мен шабыт беруге арналған жылы шырайлы алаңға айналды.