2025 жылғы 28 тамызда Өскемен қаласы мектептерінің білім беру қызметкерлерінің тамыз кеңесі аясында қаланың білім бөлімі Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 30 жалпы білім беретін мектеп» КММ алаңында қоғамдық пәндер мұғалімдерінің секциясын ұйымдастырып, өткізді.
Секция жұмысы аясында соңғы екі жылдағы білім сапасының динамикасы бойынша қорытындылар жасалды, өзекті мәселелер және оны шешу жолдары анықталды, сондай-ақ 2025 - 2026 оқу жылына арналған ӘНХ талқыланды, тарих сабақтарында оқушылардың IT - құзыреттілігін, ақпараттық құзыреттілігін және оқу сауаттылығын дамытуға баса назар аударылды. Секция жұмысының қорытындысы бойынша педагогтар қауымдастығының жаңа оқу жылына арналған ұсынымдары мен міндеттері тұжырымдалды.
Алаң жұмысына 86 педагог қатысты.