2025 жылдың 28 тамыз күні № 48 мектеп базасында «Жасанды интеллектті педагогикаға интеграциялау: азаматтық пен кәсіби дағдыларды дамыту» тақырыбына арнайы педагогтерге арналған тамыз конференциясының секциялық отырысы өтті. Отырыста инклюзиялық оқытудың методисі Кудербаева Г.Ф. 2024-2025 оқу жылында атқарылған жұмыстарға тоқталып, жаңа оқу жылының міндеттерімен таныстырды. Инклюзивті білім беруге қатысты 2025 жылғы 1-тоқсанда қабылданған нормативтік құқықтық актілерге шолу жасап, жұмыс барысында басшылыққа алу ұсынылды. «2025-2026 оқу жылында ҚР жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» нұсқаулық-әдістемелік хаттың 5-бөліміндегі инкюзивті білім беру бөліміне ерекше тоқталып өтті.
«Сурдопедагог жұмысындағы жасанды интеллект» тақырыбына Сивкова Валерия Васильевна № 37 мектептің дефектологы, «Тифлопедагогикада жасанды интеллект" тақырыбына Тленова Айжан Калимхановна, № 19 мектептің тифлопедагогы өз тәжірибелерімен бөлісті.
Секция жұмысының соңында қойылған сұрақтарға жауап беріліп, қаралған мәселелер бойынша шешім қабылданды.